«ҚЫЗЫЛОРДА АЗТОННАЛЫҚ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНА БАРУ

«ҚЫЗЫЛОРДА АЗТОННАЛЫҚ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНА БАРУ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылорда азтонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мекемесіне арнайы барды. «ҚАТМӨЗ»  ЖШС –гің негізгі қызметі мұнайды өңдеу. «ҚАТМӨЗ»  ЖШС –гі 2000 жылдың 12 желтоқсанында құрылған. 2004 жылдан бастап зауыт мұнайды ауыстырып тиеумен айналысады. 2008 жылы мұнай өңдеу зауыты іске қосылуына байланысты мұнайды өңдеуді бастады. Зауыттың жылдық мұнай өңдеу өндірістік қуаты – 100 мың тонна. Зауыттағы 2 дана УПУС-35 қондырғысы 2 режимде, МУПН-32 қондырғысы – 1 режимде жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда барлық қондырғылар 2-ші режимде жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған зауыттың өнімділігін жылына 400 мың тоннаға артыру үшін қайта құру жұмыстар жасалып жатыр. Қазіргі жұмыс істеп тұрған зауыттың өнімділігін жылына 400 мың тоннаға артыру 1 тоннаға шаққандағы шығын үлесін төмендетеді.

Қондырғылар құрамына шикі мұнайды терең тұссыздандыру блогын қосу арқылы мұнайдың құрамындағы тұздың деңгейін 1-3 мг/ дм³ жеткізуге болады және қондырғыға тотығу ингибиторын енгізіп, мұнай өңдеу зауыты қондырғыларының жұмыс жасау ұзақтық уақытын ұзартуға қол жеткізуге, сонымен қатар, қондырғыларды жөндеусіз жұмыс атқару мерзім аралығын 10-11 айдан 32-36 айға созуға болады.

Кездесу барысында техникалық регламент, метрология, стандарттау және сертификаттау облысында зауыттағы негізгі проблемалық мәселелер талқыланды.