ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫН АЛҒА БАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫН АЛҒА БАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Бүгін ҚР ИДМ Медиа орталығының алаңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы Бас директоры Мақсұт Асылбайұлы Өмірханов брифингте аккредиттеу жөніндегі органның пайымы мен мақсаттары туралы және отандық өнімнің экспортына аккредиттеу қалай ықпал ететіні туралы айтып берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттеу жүйесін түсіндіріп берді және де Ұлттық аккредиттеу орталығының қызметі туралы нақты айтып өтті.

Аккредиттеу – сәйкестікті бағалау, өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді бағалау  жөніндегі органдардың құзыреттілігіне қоғамдық сенімді қамтамасыз ету тетігі екенін атап өтті. Сонымен бірге аккредиттеу саудадағы техникалық кедергілерді төмендетуге ықпал етеді және отандық экспортшылардың бәсекеге қабілеттігін арттыратынына тоқталып өтті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің жемісті еңбегінің арқасында 2010 жылы  ILAC толық құқылы мүшесі, ILAC MRA қол қоюшысы болды. Ал 2013 жылы IAF толық мүшесі және IAF MLA келісімінің қол қоюшысы атанды.

Осы ұзақ еңбектің нәтижесі ҚР заңды тұлғаларына берілген ILAC MRA белгісімен 570 114  сынақ хаттамалары болып табылады, оның ішінде 10 492 сынақ хаттамалары ҚР шеткері, сондай-ақ ILAC MRA біріктірілген белгісімен 10 335 сәйкестік сертификаты берілді.

Сонымен бірге М. Өмірханов хаттамалар балық және балық өнімдеріне, ет және ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, сүт және сүт өнімдеріне, ара балы, бидай өнімдеріне (жемдік арпа, жемдік бидай, бидайлық кебектер), жүгері, ұн, күнбағыс жомы, соя жомы, рапс жомы, қой жүні, ІҚМ тұқымдары, былғары өндіру шикізаты және ірі қара малдың терісі) сияқты өнімдерге берілгенін хабарлады.  Сондай-ақ  табиғи, минералды емдік-асхана суына берілді. Өнімдер Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Иран, Сербия, Испания, Ресей, Белоруссия, Әзербайжан, Грузия, Польшаға және басқа елдерге экспортталды.

ILAC MRA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификаттарына келетін болсақ, олар негізінен көмір, лак бояу өнімі, рапс жомы, соя жомы, балық консервілеріне Финляндия, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясына берілді.

Қосымша ретінде ҰАО Бас директоры аккредиттеу жөніндегі орган халықаралық аренада ҰАО тану саласын кеңейту және аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Қорытындылай келе, спикер ҰАО 2017-2019 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын бекіткенін, онда Қазақстан Республикасында өнім экспортын арттыруға әсер ететін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер саласында сапаны жақсартуға, саудадағы техникалық кедергілерді төмендетуге ықпал ететін нақты міндеттер анықталып белгіленгенін атап өтті.