«МЕТРОЛОГИЯ» ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕҢЕС

«МЕТРОЛОГИЯ» ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕҢЕС

2017 жылдың 18 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан метрология институты» РМК–мен бірлесіп «Метрология» мамандығы бойынша құжаттарды тапсыру және лицензия алу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Осы кеңеске ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы ЖОО-ның өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының өкілдері лицензия алуға, сондай-ақ БҒМ электрондық порталында өтінімдерді толтырудағы қиындықтарға байланысты өзекті мәселелерді айтты.

Бірінші кезекте, БҒМ өкілдері лицензия алуға өтінім беру ережелеріне, өтінімдерді толтыру кезінде техникалық қателерді қалай болдырмауға және т.б. қатысты егжей-тегжейлі түсініктемелер берді.

Жалпы қатысушылар көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде ЖООөкілдері үшін оң өзгерістерді атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша осы бағытта ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.