«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ, ОЛАРДЫ ТАҢБАЛАУ БӨЛІМІНДЕ» КО ТР 022/2011 ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ, ОЛАРДЫ ТАҢБАЛАУ БӨЛІМІНДЕ» КО ТР 022/2011 ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Тағам өнімдері, оларды таңбалау бөлімінде» КО ТР 022/2011 талаптарының сақталуын талқылау бойынша өткізілген дөңгелек үстел

Ағындағы айында Қызылорда облысы бойынша «ТРМКД» және РМҚ «ҚазСтИн» Қызылорда филиалымен бірлесіп «Тағам өнімдері, оларды таңбалау бөлімінде» КО ТР 022/2011 талаптарының сақталуын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына мемлекеттік мекемелер, мекемелер мен кәсіпорындар өкілдері: «Ұлттық  сараптау  және  сертификаттау  орталығы» АҚ  Қызылорда филиалы, ҚР ДСМ  ҚДҚК-нің «Ұлт.СО» РМК-нің Қызылорда облысы бойынша филиалы, «ҚОҚДҚД»  мемлекеттік  мекемелер мен кәсіпорындардың  өкілдері  қатысты. 

Дөңгелек үстел отырысын Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы  Серік  Қасымов ашып, Кеден одағының техникалық регламенті, Еуразиалық экономикалық қаумдастықтың техникалық регламенті бойынша  жалпы түсініктерге тоқтап,   КО ТР 022/2011 Тағам өнімдерін таңбалау бойынша  Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын айта келе, осы техникалық регламенттің  негізгі міндеттері  бойынша түсіндірме жүргізді.   

Содан соң ҚР ДСМ  ҚДҚК-нің «Ұлт.СО» РМК-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының врач лаборанты Мира Кунжанова  022/2011  КО ТР талаптарына сәйкес Тағам өнімдерінің  қауіпсіздігін  көрсететін  жапсырмаларындағы болуға тиісті негізгі ақпараттар бойынша түсіндірме жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында «ҚазСтИн» РМК-нің Қызылорда филиалының бас маманы А.Қалиева «ҚазСтИн» РМК-нің норматитік  құжаттар қоры жайында, ҚР Ұлттық стандарттары, Техникалық регламенттері және енгізіліп отырған Кеден одағының техникалық регламенттері бойынша түсіндірме жүргізіп, осы тақырыптарда  «ҚазСтИн» РМК-мен  ақылы және тегін  оқу курстары өткізілетінін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Отырыс барысында, қатысушылардың көкейінде туындаған сұрақтарға  дөңгелек үстел ұйымдастырушылары жауап беріп, түсіндіріп өтті.