2017 жылдың 20 шілдесінде «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалымен Техникалық ретттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті бірлесе «Дәлелдеу базасы ретінде ұсынылған Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттерімен өзара байланысты стандарттар тізбесін қарау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Дөңгелек үстел отырысына тиісті СРБ, СЗ/СО өкілдері қатысты.
Отырыста дәлелдеу базасы ретінде ұсынылған «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі», «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі», «Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жеке түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану қауіпсіздігі туралы», «Астық қауіпсіздігі туралы», «Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне техникалық регламент», «Тамақ өнімдері қауіпсіздігі», «Ет және ет өнімдері қауіпсіздігі», «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент», «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздігі» Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттерімен өзара байланысты бірқатар стандарттар қарастырылды.
Отырыс барысында «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР (010/2011 КО ТР) дәлелдеу базасы болып табылатын стандарттар тізбесіне «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-нен ұсыныстар мен ескертулер келіп түсті.
Сонымен қатар, қатысушыларға саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ Келісімдері және санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану туралы түсінік берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР (010/2011 КО ТР) дәлелдеу базасы болып табылатын стандарттар тізбесіне келіп түскен ұсыныстарды ЕГФНТД «ҚазСтИн» РМК бағыттау туралы шешім қабылданды.