Шымкент қаласында «Техникалық реттеу және метрология басқару жүйелері саласында қызметкерлердің біліктілігін дайындау және арттыру» тақырыбы бойынша 3 күндік семинар аяқталды.
Семинарды Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ОҚО бойынша Департаменті басшысы ашып, «ҚазИнТР» ЖШС-нің қызметкерінің жүргізуімен семинар сабақтары өз жалғасын тапты.
Семинар техникалық регламенттер мен стандарттар проектілерін талқылау белсенді диалогымен басталды. Тақырып бойынша бейнебаяндар көрсетілгенде қатысушылар қойылған сұрақтарына көптеген мәліметтер ала алды. Сонымен қоса слайдтар көрсетілді, тыңдармандар тақырып бойынша қойылған сұрақтарына жоғарғы деңгейде мәліметтер толықтай алды.
Семинарды қорытындылай отырып қатысушылар осындай семинардың өте қажет екенін және осындай семинарлар барысында көптеген білім мен тәжеребилер алмасуы және келешекте жұмыста қолдану кажеттілігі бар екенін айтылды. Ұйымдастырушыларға және де оқытушыларға өте жоғарғы баға берді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.