МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2017 жылдың 20 шілдесінде  медицинадағы пайдаланатын өлшем құралдарының маңызын түсіндіруге арналған «Метрология және медицина» атты «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үсел»-ге қалалық медициналық мекемелердің, ауруханалардың, клиникалардың, медициналық ұйымдардың өкілдері және тағы да басқа   медицинаға қатысы бар мекемелер өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, «Ұлттық сараптау және сертификаттау» АҚ ҚФ  және «Қазақстан метрология институты» РМК ұйымдастыруымен өткізілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің директоры Кеулімжаев Ерқанат Бозқұланұлы  қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, метрология саласының адам өміріне мен денсаулығына маңыздылығын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместігі туралы қысқаша тоқтап, баяндамашыларға сөз берді.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша депараментінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Абдукаримова Айгүл Жақсылыққызы өз баяндамасында ҚР «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету» Заңының талаптарына сәйкес, адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін және аурулардың диагностикасы мен емдеуіне қажетті өлшеу құралдарын міндетті түрде сынап тексеру қажет деп атап өтті. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған барлық өлшеу құралдары, 17 бапқа сәйкес, қолданысқа беру алдында сынақтан өткізіліп, одан кейін түрін бекітіп немесе метрологиялық аттестациялап, сынап тексеріліп және Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс. Өлшеу құралдарын сынап тексеруді аккедиттелген сынап тексеру зертханалары жүргізеді, олардың тізімімен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология комитеті сайтынан www.memst.kz танысуға болатындығын атап өтті.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ-ң  метрология бөлімінің сектор жетекшісі  Макашева Майра Сарманбайқызы  өз сөзінде медицина саласында өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы баяндады.
«Қазақстан стандарттау институты» РМК ҚФ-ң бас маманы медицина саласындағы ұлттық стандарт жобалары туралы талқылады.       
 «Дөңгелек үстел» барысында сала бойынша пікір алмасуда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті,    «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Кызылордалық филиалы және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ-ң мамандары нақты жауаптарды берді.