ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық павильондарында орналастырылған жаңа технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігінің мәселелері қаралған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалық етуімен ЭКСПО-2017дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмаларын орындау шеңберінде, ағымдағы жылғы 22 шілдеде Техникалық реттеу және метрология комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің делегациясы Комитеттің төрағасы Ғалымжан Дугаловтың басшылығымен ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондарының бірқатарына барды
Танысу Греция павильонынан басталды. Павильонның тұжырымдамасы жел қуатын пайдалану арқылы көмірсутекті пайдалануды қысқартуды технологиялық қолдау – жаңартылатын қуат көздерін пайдалану туралы елдің ұғымын ашатын «Ауадағы қуат» болып табылады.
Австрия павильонының тақырыбы «AustrianPowerMachine» (австриялық күш машинасы) болып табылады. Сондай-ақ электр есептеуіштерімен екі бағытты байланысын ұйымдастыруға және одан деректерді тек санап қана қоймай, сонымен қатар қосуды және өшіруді қашықтықтан орындауға, қуаттылықты шектеуге, тарифті өзгертуге, апаттық жағдайлар мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін SmartMetering жүйесі қойылған. Осындай технологияны қолдану электр қуатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, көрсеткіштердің жоғары деңгейдегі дәлдігін қамтамасыз етуге және электр қуатын өндіру кезінде көмірқышқыл газдың шығарылымының санын төмендетуге мүмкіндік береді.
Люксембургтың павильоны өзінің ұлттық секциясында үш тақырыптың мағынасын ашады – Қоғамдағы қуат (Люксембург қоғамында орнатылған тұрақты даму тұжырымдамасы), Креативтік қуаты (келешекті дамытуға бағытталған), Технологиялар эенергиясы (қуатты тұтынуды төмендету және электр қуатымен қамтудың таза және жасыл әдістерін дамыту үшін). Бұл тақырыптар ЭКСПО-2017 Көрмесінің екі кіші тақырыбын қозғайды: «Қуат үнемдеу өмір салты» және СО2 шығарылымын қысқарту».
«Шелл» энергетикалық зертханасына барған кезде келушілер алдында келешек қуаты мен жаңа технологиялар тақырыбының мағынасы ашылады. Қатысушылар ойын нысанында іс жүзіндегі тәжірибе алды, қолданыстағы қуат көздері, қоршаған ортаны қорғау, осы мәселелерді шешудегі әрбір адамның энергетикалық сын-қатерлері мен рөлі туралы мәлімет алды.
Жалпы алғанда көрмеде қатысушы-елдер экологиялық тазалық, пайдаланудың төмен құны мен қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты жаңартылатын қуат көздерін пайдалану және олардың артықшылықтары саласындағы қол жеткізулер мен перспективаларын көрсетеді. Көрме Қазақстанда қолдану үшін ең үздік әлемдік қуат үнемдеу технологияларын, қолданыстағы баламалы қуат көздерін қолданудың жаңа туындылары мен технологияларын тартуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте техникалық реттеу және метрология болмысынан қарағанда, кез келген технологияны енгізу және қолдану стандарттармен сүйемелденуге және Қазақстанда қажетті өлшемдермен қамтамасыз етілуге тиіс.
Бұл технологияларды енгізуді іске асырушылары салалық мемлекеттік органдар және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері болулары қажет.