"Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтар қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 042/2017) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №21 шешімімен қабылданды және оны қабылдаған күннен бастап 18 ай өткеннен кейін күшіне енеді.
Осы техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одағы (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағында алғаш рет айналымға шығарылатын және ашық аумақтарда немесе жабық үй-жайларда орналастырылған балалар ойын алаңдары үшін жабдық және (немесе) жабындарына қолданылады.
Осы Техникалық регламент адамдардың өмірі мен (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленген.
Жабдықтардың сипаттамалары және қауіпсіз пайдалану туралы ақпарат төлқұжатта көрсетілуі тиіс. Төлқұжат орыс тілінде және жабдық аумағында айналымда болатын мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда мүше-мемлекеттің мемлекеттік тілінде (тілдерінде) рәсімделеді. Пайдалануға берілгеннен кейін жабдық төлқұжаты пайдаланушыда сақталады.
Одақ нарығында айналымға шығарылатын жабдық және (немесе) жабынды осы техникалық регламент талаптарына, сондай – ақ оларға қолданылатын Одақтың басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға жатады. Осы техникалық регламент талаптарына жабдық және (немесе) жабындының сәйкестігін бағалау сәйкестікті растау және техникалық жағдайын бағалау (техникалық куәләндіру) түрінде жүзеге асырылады.
Осы техникалық регламент талаптарына жабдық және (немесе) жабындының сәйкестігін растау сертификаттау немесе сәйкестікті деклараттау нысанында жүзеге асырылады.
Жабдық және (немесе) жабындының сәйкестік сертификатының жарамдылық мерзімі, сериялық шығарылатынға – 5 жылдан көп емес, жабдық және (немесе) жабындының партиясы (бірлік бұйым) үшін сәйкестік сертификатының жарамдылық мерхімі орнатылмайды.
Сәйкестік туралы декларациясының және сериялық шығарым үшін сәйкестік декларациясының жарамдылық мерзімі 5 жылдан көп емес уақытты құрайды. Жабдық және (немесе) жабындының партиясы (бірлік бұйым) үшін сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі орнатылмайды.
Белгіленген қызмет мерзімі ішінде айналысқа шығарғаннан кейін аккредиттелген (уәкілетті) ұйыммен техникалық жай-күйін (техникалық куәландыру) бағалау нысанында жабдықтардың және (немесе) жабындылардың сәйкестігін бағалау жүзеге асырылады.
Техникалық жай-күйін (техникалық куәландыру) бағалау тәртібі, сондай-ақ техникалық жай-күйін (техникалық куәландыру) жүзеге асыруға ұйымды аккредиттеу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
Жабдықтар мен (немесе) жабындыларды Одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау. Осы Техникалы регламенттің талаптарына, сондай-ақ олаға күші таралатын Одақтың басқа техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті растау процедурасынан өткен жабдық және (немесе) жабындылар Одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.
Одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі жабық және (немесе) жабындының әр данасына жабық және (немесе) жабындының қызметінің бүкіл мерзімі ішінде нақты және айқын бейнесін қамтамасыз ететін кез-келген әдіспен белгіленеді, сондай-ақ қоса берілетін төлқұжатта келтіріледі. Одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісін егер де белгіні тікелей жабық және (немесе) жабындыға көрсету мүмкін болмаса, тек қаптамада және оны қоса берілетін төлқұжатта көрсетуге болады.
Одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен жабдық және (немесе) жабындыны таңбалау жабдық және (немесе) жабындыларға таралатын және Одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісін белгілеуді қарастыратын Одақтың барлық техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәләндырады.
Сондай-ақ, айта кететіні осы Техникалық регламенттің күші:
1) осы техникалық регламенттің күшіне енгенге дейін пайдалануға берілген және жасалынған балаларға арналған ойын алаңдарының жабдық және (немесе) жабындылары;
2) спорт жабдығы мен жаттығулар мен дене шынықтыру, спорт және туризмге арналған бұйымдар;
3) Еуразия экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы №114 "Аттракциондар қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттің (ЕАЭО ТР 038/2016) күші қолданылатын аттракциондар;
4) ойыншықтарға қолданылмайды.
Абенова Айжан Адилханкызы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы.