АҚТӨБЕДЕГІ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ

АҚТӨБЕДЕГІ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ

Ағымды жылдың 9 тамызда Ақтөбе қаласында, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру Кешенді жоспары аяларында, техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бір күндік ақысыз өңірлік семинар өтеді.

Семинардың ұйымдастырушылары ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК.
Жобаның мақсаты – Қазақстанның өніркәсіп кәсіпорын мен ұйымдары мамандарының техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сай біліктілігін арттыру.
Ұйымдастырушылар келесі тақырыптарды қарастыру жоспарлап отыр:
•         ISO 31000 «Қауіп-қатер менеджменті. Қағидалары мен басшылық әдістемелері».
•         ISO/TR 31004:2013 «Қауіп-қатер менеджменті. ISO 31000 енгізу басшылығы».
•         ISO 37001 «Парақорлықпен қүресу менеджмент жүйесі. Талаптары және қолдану басшылығы».
Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларына оқыту семинар өткен жәйлі  тиісті үлгіге сәйкес сертификаттар  қолдарына беріледі.  
Іс-шара өтетін мекен-жайі: Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 2, «Dastan Hotel Aktobe» ЖШС конференц-залы.
Тіркеу  а.ж. 9 тамыз  сағат 9-30 жергілікті уақыттан басталады.
Байланыс: «ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалы 8 (7132) 55-15-26,

E-mail: aktobe_kazinst@mail.ru