ҚР ИДМ ТРМК–де ағымдағы жылдың 26 шілде күні 2017 жылдың бірінші жарты жылдық жұмысының қорытындысы, 2017 жылға арналған міндеттер және ішкі жемқорлық қауіп-қатерлерді талдау туралы «ҚазСтИн» РМК басшысының тыңдауы өтті. Комитет басшысына Институт қызметінің қорытындысы келесі негізгі бағыттары:
- стандарттау (ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық);
- Нормативтік–техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмыс істеуі;
- оқыту, сертификаттау және ғылыми жұмыстар;
- көлік құралы типін мақұлдау, шасси типіне берілген мақұлдаудың дұрыстығы мен негіздемесін тексеру бойынша Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың және Техникалық хатшылықтың жұмысы;
- ЕуразЭО және Институт құзыретінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберіндегі өткізілген жұмыстар бойынша көрсетілді.
Есеп қабылданды. Стандарттар әзірленімін аяқтау, Бірыңғай қор жұмысын жетілдіру және оқыту семинарлар мен курстар, оның ішінде коммерциялық негіздегі семинарлар өткізу бойынша жұмыстарды өткізу туралы айтылды. 2017 жылдың екінші жарты жылдыққа арналған нақты міндеттер қойылды.
Сонымен қатар ішкі жемқорлық қауіп-қатерлер туралы өткізілген талдаудың қорытындысы туралы айтылды. «ҚазСтИн» РМК-дағы жұмыстар байланыстарды жария ету, анық және азайту қағидасына негізделіп өткізілетіні атап кетті.
Ішкі жемқорлық қауіп-қатерлерді азайту негізі құжатталған процедура негізінде Институтта енгізілген сапа менеджменті жүйесі болып табылады. Өзекті мәселелерге тұрақты мониторинг өткізу және талдау өткізіледі және түзелулер құжатталған процедураға енгізіледі.
Тыңдау қорытындысы бойынша ТРМК құрылымдық бөлімшелеріне және ведомствоға қарасты ұйымдарға «ҚазСтИн» РМК–ның осы саладағы тәжірибесін зерттеу жөнінде ұсыныс жасалды.