
Кез келген ұйымның оның шеңберінде, қызмет үрдісінде, еңбек, материалдық, қаржы және т.б. ресурстарында ұйымдық құрылымы, өкілеттік пен жауапкершілік жиынтығын ұсынатын менеджмент жүйесі бар. Ұйым мақсаттарына қол жеткізу үшін осы барлық құрамдас біріктіріліп бір-бірімен ic-қимыл жасайды. Осылайша, компания басшылығымен мазмұндалған, менеджмент жүйесі мақсаттарға қол жеткізу құралы болып табылады. Менеджмент жүйесін неғұрлым белгілі өкілдерінің бірі, ISO халықаралық стандарттарында оларға қойылатын талаптары бекітілген, сапа менеджменті жүйесі болып табылады. ISO халықаралық стандарттар арасында, сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайтын ISO 9000 сериясының стандарттары ерекше орын алады.Ұлттық сертификаттау жүйесінде (ҚР СТ), ИСО 9000 сериясына кіретін стандарттар ҚР СТ ИСО 9000-2007, ҚР СТ ИСО 9001 – 2016, ҚР СТ ИСО 9004 – 2010 деп аталады. Бүгінгі таңда сертификатталған СМЖ болуы міндетті қажеттілік болады, себебі бұл кейбір тапсырыс берушілермен шарт жасау кезінде, іс жүзінде және көптеген тендерлерге қатысу үшін қойылатын талаптар. Ерікті СМЖ сертификаттау өндірушілер үшін біртіндеп қажеттілік болып, міндеттіге айналып келе жатыр.
Ұйымда енгізілген және сертификатталған сапа менеджменті жүйесі тұтынушылар үшін, ұйымның сапалы өнімнің/қызметтің сенімді жеткізушісі, тұтынушының талаптарын орындалады, ал жеткізілген өнім/қызмет әрқашан тұрақтылығының болуының дәлелі болып табылады. ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес СМЖ ұйым қызметінің тұрақтылығының кепілі болады және ешқандай кездейсоқ жағдайлар ұйымның тұтынушыларға талап етілетін сапалы өнім ұсынатына әсер етпейтіне кепіл болады. Ұйымның қызметі ISO стандарттарына сәйкес екендігін тексеру үшін, ұлттық немесе ерікті сертификаттау жүйесі шеңберінде сапа менеджменті жүйесі сертификаттаудан өту керек. Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау ерікті болып табылады, сондықтан ұйым өзі мұндай сертификаттау, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі органды таңдау қажеттігі туралы шешім қабылдауға құқылы.Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды Техникалық реттеу және метрология комитетінің сарапшы-аудиторлардың тізілімінде тіркелген менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органдар сәйкестікті растау жөніндегі сапа менеджменті жүйелері сарапшы-аудиторлардың қатысуымен жүргізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің ұлттық тізілімінде Астана қаласы бойынша 20 сапа менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган тіркелген. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органдар туралы ақпаратты Ұлттық аккредиттеу орталығының www.nca.kz ресми сайтында алуға болады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ ИСО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» күшіне енді, бұл басқару сапасының тұжырымдамасын дамытуда жаңа дәуірдің басы деп белгіленді. ИСО 9001: 2015 стандарттың жаңа нұсқасында стандарттың құрылымы, бөлімдер мен бөлімшелерінің баптары толық қайта қарастырылып, сондай-ақ баптар мен және параграфтардың тәртібі өзгертілді. Жалпы, бұл стандарттың мазмұнына немесе талаптарына әсер етпейді. Бірақ, толық зерттегенде, құрылымытақырыптырдың құрастыру мен реттілігін жаңа ұсынымдарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында өзгертілген. «Тәуекел-бағдарланған ойлау» көзқарасына негізделген, ерекшелеу бір маңызды тәуекелдерді басқаруға ерекшелігі болып табылады. ISO 9001 стандартында ешқашан болғаған тәуекел ұғымы енгізіледі. Атап айтқанда, тәуекел деңгейі жүйеде басқару шараларын анықтау тиіс. Негізінде, енді ISO 9001 жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді қалай басқару қажеттілігі туралы айтады. Ұйым барлық тәукелдерді бағалап, оның ішінде маңыздыларын анықтап, және оның негізінде менеджмент жүйесін әзірлеу қажет. «Тәуекел-менеджмент» «ескеру іс-әрекеттер» орнына келеді. Енді жоспарлау кезінде тәуекелдер мен мүмкіндіктері бағалау қажет. Сондай-ақ, жетекшілік пен тұжырымдалған басқаруға көбірек назар аудару қажет. «Басшылық өкілі» деген түсінік жойылған. Сапа саясаты мен мақсаттары ұйымның стратегиялық бағыттары қызметіне толығымен сәйкес келуі тиіс. Жоғары басшылықтың міндетіне стандарттың талаптары мен ұйымның барлық бизнес-үрдіс арасындағы байланысты қамтамасыз ету енгізіледі.
Сонымен қоса, жаңа редакцияда құжаттандыру бөлігіндегі талаптар алынып тасталған. Егер бұрын екі термин «жазба» және «құжат» пайдаланылған болса, қазір олардың орнына «құжатталған ақпарат» бір терминге топтастырды, демек, барлық құжаттарға түзетулер енгізу керек, себебі стандартта құжаттаманы ресімдеу және тиісті ақпаратты сақтаудың талаптары қалады. Енді сапа бойынша басшылық пен алты міндетті құжатталған рәсімдерін әзірлеу қажеті жоқ. Стандарттың талаптарын орындауын дәлелдеу үшін, құжатты ақпараттың болуы жеткілікті.
Осылайша, ресми түрде ISO 9001:2008 нұсқасы бойынша, міндетті жазбалар мен құжаттарға қарағанда, құжаттылған ақпарат аз болды. Қазіргі таңда қағаз негізгі ақпарат сақтаушы болып табылмайды. Стандарттың жаңа нұсқасы дербес жоғарғы дәрежесін басшылық әрекеттерінің шұғылдығының азайту қатерісіз береді.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Уалиева Анар Абсаттаровна
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11. телефон 750541, 750542, Еmail: gosnadzor_аstana@mail.ru
