
2017 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстар «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ШЖҚ-мен РМК жүргізілуде.
2017 жылдың 7 тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалымен бірлесіп «2017 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген «Ұлттық стандарттар жобаларының «Қоршаған ортаны қорғау» және «Көлік» бөлімдеріне презентация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шарада 2017 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген Ұлттық стандарттар жобаларының төмендегі бөлімдеріне талдау жүргізілді:
- Қоршаған ортаны қорғау (87НҚ)
- Көлік (93 НҚ )
Дөңгелек үстелге сынақ зертханаларымен сынақ орталықтары және бизнес қауымдастықтары қатысты.
Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық стандарттау жобаларының «Су сапасы», «Атмосфера», «Гидрометрия» стандарттарына, сондай-ақ көлік саласындағы стандарттар (зиянды заттар шығарылуы, автоқұю станциясы) топтарына қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, қатысушыларға стандарттар жобасын жүктеу, мүдделі тараптардың бөлек және егжей-тегжейлі қарастырылу мақсатындаWWW.MEMST.KZ сайтымен жұмыс істеу жөніндегі көрнекті ақпарат көрсетілді.
«ҚазСтИн» РМК Маңғыстау облысының филиалы және әзірлеуші адресатына қарастыру және ұсыныстар мен ескертулерді ұсыну үшін мүдделі тараптар ұлттық стандарттар жобалар қатарын ұсыну қажеттігі анықталды.
Аймақтағы ұйымдармен/компаниялармен жұмыс ҚР СТ жобаларына қызығушылық білдірген мүдделі тараптармен жеке форматта жалғастырылады .