
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2017 жылдың 10 тамызында РМҚ «Қазақстан стандарттау институты» Қызылорда филиалымен бірлесіп «Қоршаған ортаны қорғау» бөліміндегі Су сапасы туралы стандарттар жобаларын талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, өткізді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты мүдделі мекемелер мен кәсіпорындарға Су сапасы туралы стандарт жобалары туралы ақпарат беру және қаралған жобалар бойынша ұсыныстар алу.
Дөңгелек үстел отырысына мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын Қызылорда облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бас маманы Абдукаримова Айгүл Жақсылыққызы ашып, 2017 жылға арналған мемлекеттік стандарттау Жоспарына сәйкес әзірлеген стандарт жобалары туралы түсіндіріп өтті.
РМҚ «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының бас маманы А.Ғ. Қалиева стандарт жобаларына жеке-жеке тоқталып, осы стандарттар бойынша презентациялар көрсетіп түсіндірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты және өз ұсыныстарын бір апта көлемінде жолдайтындарын хабарлады. Отырыс барысында, қатысушылардың көкейінде туындаған сұрақтарға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және РМҚ «Қазақстан стандарттау институты» Қызылорда филиалы мамандарымен толық жауап берілді.