«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРУ»

«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРУ»

2017 жылдың 10 тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «КазИнСт» РМК Жамбыл филиалымен бірлесе отыра 2017 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ұлттық стандарттар жобаларын таныстыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«KaзИнСт» РМК Жамбыл филиалының директоры Асқар Мыңбаев ол нақты секторда, қызмет көрсету секторында сапаны жақсартудағы стандарттаудың маңызды рөлін көрсете отырып, дөңгелек үстел отырысын ашты.

Іс жүзінде, іс-шарада 2017 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген ұлттық стандарттардың жобалары көрсетіліп, келесі тізбедегі стандарттар жайлы сөз қозғалды:

- Қоршаған ортаны қорғау (87 НД);

Дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің өкілдері; Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы; «Қазгидромет» РМК филиалы; «Қазфосфат» ЖШС; «KESO Otan» ЖШС қатысты.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық стандарттар жобалары «Су сапасы», «Ауа сапасы», «Атмосфера», «Гидрометрия» стандарттарының топтамаларына дөңгелек үстелге қатысушылар өз қызығушылықтарын танытты.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушыларға WWW.MEMST.KZ веб-сайтымен жұмыс істеу туралы көрнекі ақпарат,  мүдделі тараптардың жекелеген және толық қарауы үшін жобаларды жүктеп алуға мүмкіндік беретіндігі жайында ақпараттар ұсынылды.

Мүдделі тараптарға ұлттық стандарттардың жобаларын ұсынуына мүмкіндік беретін «КазИнСт» РМК Жамбыл филиалына ескертулер мен ұсыныстарды қарастыру және ұсыну жөнінде де сөз қозғалды.

Көптеген жобалар үшін қосымша пікірлер мен ұсыныстар алу үшін мүдделі ұйымдарға слайдтарды қайтадан жіберу және ұлттық стандарттарды әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар дөңгелек үстелге қатысушыларына барлық жобалар Техникалық реттеу және метрология комитетінің веб-сайтында орналастырылғандықтан, талқыланатын жобаларға қол жеткізуге болатындығына аса назар аударды.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар ұлттық стандарттардың жобаларын талқылаудың орындылығы туралы ортақ келісімге келді.