«КӘСІПОРЫНДАРҒА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ»

«КӘСІПОРЫНДАРҒА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ»

2017 жылы 14 тамызда Ақтау қаласында «Grand Nur Plaza and Convention Center» қонақ үй ғимаратында, 061 бюджеттік бағдарлама бойынша аймақтық семинар өткізілді.

Семинарды  ұйымдастырушылар:

-  Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;

-  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Семинардың басты мақсаты  Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдар аралығындағы  Қазақстанның индустриялық -инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жоспарын кешенді жетілдіру , Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің  Стратегиялық жоспарын 2014-2018 жылдары аралығында іс-шараларын іске асыру болып табылады.

Семинарды құттықтау сөзбен Маңғыстау облысы әкімдігінің, Маңғыстау облысы индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілі – Жақсылықов Данияр Жақсылықұлы ашты. Содан соң алғы сөзбен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы - Атчибаева Тлектес Бегеевна және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының директоры – Гатитуллина Марина Константиновна сөз сөйледі.

Семинардың баяндамашысы – менеджмент жүйелері бойынша эксперт-аудитор Булатова Елена Сергеевна  тыңдаушылардың назарына ISO – стандарттау бойынша халықаралық ұйымының жаңа стандарттарымен таныстырды:

Тыңдаушылардың назарына келесі тақырып бойынша баяндамалар ұсынылды:

1. «ISO 31000 Тәуекел менеджменті. Принциптер және басшылық нұсқаулар»:

•  Қауіп – қатерді басқару үрдісі және құрылымы.Тәуекелді басқару инфрақұрылымы. Тәекелді басқару саясатын бекіту. Мониторинг және қадағалау.

•  Құрылымдалған тәсіл. ISO 31000 негізгі тұжырымдамасы. ISO 31000 қағидалары бойынша қосымша нұсқаулық. Тәуекелдерді басқару негіздері.

Ұсынылған стандарттар ауытқуға жоспарланған процес нәтижелеріне әкелетін кәсіпорындағы факторларды анықтауға, сондай-ақ  теріс салдарын азайтуға және максималды туындаған мүмкіндіктерді ескертетін басқару құралын пайдалануға мүмкіндік береді.

ИСО 9001 сапа менеджмент жүйесін енгізген барлық кәсіпорындарға негізгі ережелер мен   стандарттар, сондай-ақ СМЖ енгізуді жоспарлап отырған кәсіпорындарға пайдалы.

2. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБҚИ) аясындағы ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасын жақсарту.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне  ДЭФ ЖБҚИ-нің 21 индикаторы бекітілген, олардың ішінде Техникалық реттеу және метрология комитетіне «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бекітілген.

Қазақстанның  «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша позициясын жақсартуда Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-мен бірігіп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда. Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу аймақтық семинары сол шаралардың бірі болып табылады. Бұл семинар халықаралық стандарттарды енгізу және олардың негізінде сертификатталу арқылы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. 

3.  «ISO 37001 « Парақорлықпен күресу менеджмент жүйесі. Қолдану  бойынша нұсқаулықтар және талаптар»

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін әзірлеу және енгізу. Ұйымның контекстін анықтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат.

• Басқару тәсілін бағалау критерийлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін жақсарту және сүйемелдеу.

Стандарт ұйым басшыларын қолдауға бағытталған, корпоративті мәдениетті қалыптастыруға, адалдық, айқындық, ашықтық пен келісімде негізделген. Ұйымдарға,кәсіпорындарға тиісті механизмдер енгізуге, парақорлық жағдайлардың алдын алуға,анықтауға және парақорлық болған жағдайда шара қабылдауға көмектеседі.

Семинарға аймақтың өндіріс кәсіпорындарының өкілдері, облыс әкімшілігінің - сапа бойынша мамандары, басқарудың орта және жоғарғы буындағы менеджерлері және тағы басқа мүдделі тұлғалар қатысты.

Тыңдаушылар саны 100 адам құрайды.

Өңірлік (салалық) семинарлардың қорытынды мақсаты мемлекеттік саясатты менеджмент  жүйелер саласына,  шағын және орта бизнес, ірі кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар және жергілікті мемлекеттік басқару өкілдері арасында насихаттауы; халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін сертификаттаған отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындар санының көбеюі болып табылады.

Мәліметтерді меңгерген  отандық өндірушілердің басекелестік артықшылықтарын арттыруға, қол жеткізуге ықпал етеді, ішкі және сыртқы нарықта әкімшілік кедергілерді төмендетеді, қолданыстағы менеджмент жүйесінің  тиімділігін арттырады.

Анықтама:

2017 жылдың  1 маусымдағы жағдай бойынша Маңғыстау облысының 437 кәсіпорыны халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесімен  сертификатталған және енгізген. Оның ішінде: 407 ИСО бойынша 9001 сериялы; 280 – ИСО 14001; 166 - OHSAS 18001; 6 - ИСО 22000.

Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 8 өнеркәсіп экспортқа бағытталған, менеджмент жүйесін енгізген және сертификатталған: «КараКудукМунай» АҚ, «Казахский газоперерабатывающий завод» ЖШС, «ArcelorMittalTubularProductsAktau»  АҚ филиалы,  «БузачиОперэйтинг ЛТД» ЖШС, «Морская нефтяная компания «КазМунайТениз» АҚ филиалы,  «ОзенМунайГаз» АҚ, «Бейнеуский зерновой терминал» ЖШС, «Мангистаумунайгаз» АҚ.

 

«