МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

2017 жылғы 16 тамызда «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК Қарағанды филиалы және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бірлесіп, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарды орындау шеңберінде «Кәсіпорындарда менеджент жүйесін енгізу» тақырыбында семинар өткізді.  Семинарға өңірдің жүзден астам кәсіпорыны қатысты.

Семинарды құттықтау сөзімен ТРМК Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Т. Қасымов, Қарағанды облысы Өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Е.Д. Күлпейісов, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК ҚФ директоры Д.И. Кусаинов  ашты,  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК ҚФ бас маманы Ш.С. Ажимова семинардың модераторы болды.

Семинардың лекторы «Республикалық сертификаттау орталығы» ЖШС бас директоры, Еуропалық сапа ұйымының аудиторы, ҚР МСТР менеджмент жүйесі жөніндегі сарапшы-аудиторы, Қазақстан сапа менеджменті академиясының академигі, т.ғ.к. С.К. Абельсеитова болды.

Семинардың соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.