
2017 жылдың тамыз айының 31-ші жұлдызында Қызылорда қаласында техникалық реттеу (сұрақтары) бойынша құрылған Өңірлік штаб төрағасының орынбасары, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Б.Кеулімжаевтың басқаруымен өткізілді. Қызылорда облысының әкімдігінде өткізілген мәжілісте өңірлік штабтың мүшелері; облыстағы салалық кәсіпорындар мен сынақ орталықтары мен зертханалар басшылары қатысты.
Штабтың кезекті отырысында, техникалық реттеу және метрология (сұрақтары) бойынша Қызылордалық өңірлік штабта күн тәртібі бойынша келесідей сұрақтар қарастыруға енгізілді:
- Кеден одағы және Евразиялық Экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарын орындауды қамтамасыз етуде аумақтың бұрынғы сынақ зертханалары мен орталықтарын қайта жарақтандыру және жаңадан ашу арқылы қызмет көрсету аясын кеңейту сұрақтары туралы.
- Евразиялық экономикалық одақтың «Балалар ойын алаңдарына арналған құрылғылардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарын талқылау.
- 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу үшін Қызылорда облысы кәсіпорындарынан түскен қажетті ұлттық стандарттар туралы ұсыныстарын талқылау.
Департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаевтың отырыс барысында талқыланатын тақырып, өңірдегі сынақ орталықтары мен зертханаларының көрсететін қызмет түрлерін дамыту немесе жаңа зертханалар ашу жолдарын қарастыру мәселелерін талқылау болып табылатындығын айтты. Орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарымен зертханалардың кеңею аумағына, дамуына зерделеу жұмыстары жасалып «дөңгелек үстел» отырыстары өткізіліп отырады. Мәселен, жуық арада департаменттің бастамасымен, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша зертханаларды қайта жабдықтау, модернизациялау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Нәтижесінде, ҚФ АО «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» 2017 жылға қойылған жоспар бойынша өз қаражаттарымен аккредиттеу аумағын яғни 2 сала бойынша («Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы») техникалық регламентін іске асырудың, құрылыс материалдарының сынақ зертханасы мен метрологиялық зертханаларын кеңейтуге ұсыныс жасады. Сонымен қатар, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ы Қызылорда филиалы 2 бағытта аккредиттеу саласын дамыту жолдарын қарастырып жатқандығы анықталды.
Ерқанат Кеулімжаев осындай жұмыстарды жүргізу арқылы өңірдегі экономикамызды дамытуға себеп болатынын атап өтті.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы – Жадра Жұмабекқызы Бектаева алдын-ала дайындаған слайдтар арқылы Евразиялық экономикалық одақтың «Балалар ойын алаңдарына арналған қондырғылардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті негізгі талаптарына тоқталып, өзекті мәселелерін баяндады. Осы техникалық регламенттерде балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулықтарын қорғау, сондай-ақ өнімді тұтынушыларды жаңылыстыруға себепші болатын әрекеттердің алдын алу мақсатында химиялық, биологиялық, мехникалық және термиялық қауіпсіздіктің талаптары белгіленгенін атап өтті.
Баяндамашы Ә.Ғ.Қалиева - «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының бас маманы 2019-2020 жж мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу негізінде ұлттық стандарттар дайындау мақсатында ұсыныс-шағымдарды талқылады.
Өңірлік штаб отырысы соңында пікір алмасу болып, тиісті шешімдер қабылданды.
