Субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшу

Субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшу

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Құнафиянов баспасөз өкілдерімен «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы туралы брифинг өткізді. Брифинг барысында Департаменттің 2020 жылы атқарған жұмыстары мен 2021 жылы жүргізілетін жұмыстары туралы қысқаша ақпарат берілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының жаңа редакциясы бойынша толық түсініктемелер берілді.

2020 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының жаңа редакциясы қабылданды, ол ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Заң жобасын әзірлеу кезінде негізгі міндет тұтынушыларды қауіпсіз өнімнен қорғап қана қоймай, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде оларға артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізе алатын заң қабылдау болды.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясы субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшуді көздейді.

Ол үшін зертханалық сынақтар жүргізу мақсатында өнім үлгілерін іріктеу рәсімі енгізіледі. Егер өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, бұл өнім кейіннен кәдеге жаратыла, қайта өңделе отырып, алып қоюға жатады.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 01 шілдеде күшіне енетін «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 Жалпы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілеріне толықтырулар енгізілді:

- сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны;

- кез келген түрдегі қаптамадағы өлшеп-оралған өнімнің оны өткізу кезіндегі саны.

Бұдан басқа, «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясында және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының қолданыстағы мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарымен бірге жоспардан тыс тексерулер мен субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылаудың жаңа нысаны бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау ретінде толықтырылды.

Заңның жаңа редакциясында қолдану өлшем бірлігін қазіргі заманғы деңгейде қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді, жүйелі және келісілген құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді. Азаматтар мен субъектілердің құқықтары мен мүдделері көбірек қорғалатын болады.

https://www.facebook.com/watch/?v=168651138366660