ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

«Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №19 шешімімен қабылданды және 2021 жылғы 2 маусымынан күшіне енеді.

Осы техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағында химиялық өнімге қолдану және пайдалану үшін бірыңғай міндетті талаптарды орнату, Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағында айналымға шығарылған кезде оның еркін айналымын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Химиялық өнім түсінігі көмірсутекті минералды және басқа шикізатты оның химиялық қайта өңдеу жолымен химиялық байланыстыру қажет өнімдердің барлық түрлерін қамтиды (химиялық зат немесе қоспа).

Химиялық өнім Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағында айналымға олардың осы техникалық регламент, сондай-ақ оларға күші тарайтын Еуразиялық экономикалық одағының басқа техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келген кезінде, және оған күші тарайтын Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сәйкестікті бағалаудан өткен кезде шығарылады.

Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес химиялық өнім өнім Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына айналымға шығар алдында сәйкестікті бағалауға жатады. Осы техникалық регламент талаптарына химиялық өнім сәйкестігін бағалау келесі түрде жүргізіледі:

1)    ескертпе мемлекеттік тіркеу;

2)    рұқсаттама мемлекеттік тіркеу.

Химиялық өнімнің заттаңбасы келесі мәліметтерді қамту қажет

1) оларды сәйкестендіру кезінде орнатылған химиялық өнімнің атауын;

2) химиялық өнімнің өндірушісінің (өндірушімен уәкілеттенген тұлғаның), импорттаушының аты, тұратын тұрғылықты жері (заңды тұлғаның мекен жайы), және телефон номері;

3) қауіпті ретінде топтастырылған және құрамында химиялық өнім бар химиялық заттардың және қоспалардың аты;

4) сақтау талаптары және өндірушінің кепілдеме міндеттемелері (жарамдылық мерзімі, сақтау мерзімі ж т. б.);

5) химиялық өнім сәйкес дайындалған құжат белгілемесі (болған жағдайда);

6) химиялық өнімдердің қауіпті сипаты туралы ақпарат, сонымен бірге ескертпе заттаңба.

Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағында айналымға шығарылатын химиялық өнімді таңбалау орыс тілінде және мүше – мемлекеттер заңнамасында сәйкес талаптар болған жағдайда аумағында химиялық өнім сатылатын мүще мемлекеттің мемлекеттік тілінде таңбалануы керек.

Заттаңба анық және жеңіл оқылатын, механикалық әсерге, химиялық заттардың әсеріне, ауа райы факторларына төзімді болуы керек және химиялық өнімнің толық қолдану және (немесе) жою (қайта өңдеу) кезеңіне дейін сақталуы қажет.

Ескертпе заттаңбалау қауіп белгісі, қауіп символы, дабыл сөзі түрінде белгіденеді және МемСТ 31340-2013 сәйкес қауіпті алдын алу шараларын қамтуы қажет.

Толық ақпаратты Сіз Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org алуыңызға болады.

Абенова Айжан Адилханкызы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы.