ЖШС «САУТС-ОЙЛ» ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

ЖШС «САУТС-ОЙЛ» ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері, «КазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп,  2017 жылдың 11-ші қыркүйегінде  «САУТС-ОЙЛ» ЖШС ҚФ-да техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады.

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС Қызылорда филиалы мұнай компаниясы Қазақстан Республикасының мұнайгаз құрылымы нарығында жетістікке қол жеткізген және ілгері дамушы өндірістердің бірі болып саналады. Негізгі іскерлік саласы Қызылорда аймағында көмірсутекті шикізат өнімін барлау мен өндіру болып табылады.

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС Қызылорда филиалының президенті– Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген іскер азаматы, техникалық ғылымдарының докторы, халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының мүшесі (АҚШ-да), 2003 жылдан бастап осы уақытқа дейін компанияны басқарып келеді.

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС ҚФ-ң тарихындағы елеулі оқиға  2003 жылдың 11 тамызында болды, Қызылорда мұнайөнімі ірі кәсіпорындарының бірі «Тереңөзекмұнайөнімдері» ААҚ-ң 43% астам акция құжаттарын иемденді.

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС Қызылорда филиалы бұрынғы «Қызылордаснаб» кәсіпорнының өндірістік базасын өндірістік-техникалық және қосымша бөліктерімен барлық ғимараттарын және құрылыстарын 2005 жылы қолына алып, қарқынды  дами бастады. Сол негізде Қызылорда филиалы құрылды. Қазіргі таңда Қызылорда филиалы болып табылатын әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылдан бастап көмірсутекті шикізат өндіру мен барлау жұмыстарын жүргізіп келе жатқан компанияның келісімшартты аймақтарында 100 км шамасындағы ішкіөндірістік және 20 км дейінгі кіреберіс автожолдары және нөлдік циклден, пайдалануға берілуге дейінгі жайлы кезеңдік поселкі құрылған. «Кеңлік» және «Шығыс Ақшабұлақ» кен орындарында спорттық алаңдар салынып,  аймақтар көгалдандырылған. Ал «Кеңлік» кен орнында «САУТС-ОЙЛ» компаниясының қаражатымен су қоймасы бар қонақүй кешенінің құрылысы аяқталды.

Серіктестікті аралау барысында техникалық реттеу, метрология ЕАЭС техникалық регламенті және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық және тыңылықты жауаптар берілді.