ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ БАБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

  ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ БАБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

2018 жылғы 18 қаңтарда Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінде «Орал құю механикалық зауыты» ӨК өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Зауыт қола және жезден құюға мамандандырылған және шойыннан, болаттан, қоладан жасалған бұйымдар, сорғыларға арналған қосалқы бөлшектер, бүктемелер шығарады, сондай-ақ құбырларды иілу жұмыстарын жасайды.

Бүгінгі күні бұл кәсіпорын осы саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Зауыт тәулігіне 300-ге жуық өнім шығарады. Бір жыл ішінде орта есеппен 82 500 өнім бірлігін шығарады.

Өнім сертификатталған өндірістік зертханада сапаны бақылаудан өтеді. Барлық өндірілген бөлшектер ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ТББ қызметкерлерінің сапа бақылауынан өтеді.

Кездесу барысында департамент басшысы Салават Вахитов техникалық реттеу саласындағы өнімдердің сәйкестігін растау  қатысты мәселелерді түсіндірді.

Бұдан басқа, верификациялық аудиттен өту бойынша мәселелер және оны шешу жолдары талқыланды, верификациялық аудиттен өткеннен кейін «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерге қатысуға мүмкіндік алады және потенциалды жеткізушілердің тізіміне кіреді.