ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ

Биыл 11 қаңтарда ТРМК-нің БҚО бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиыны өтті.

Жолдау 2018 жылы ел дамуының 10 басым бағытын қамтиды. Департамент қызметкерлері Жолдау мәтінімен толық танысып шыққан.

Департамент басшысы Салават Вахитов Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс делінген міндетке ерекше назар аударды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет.

Жиналыс барысында департамент қызметкерлері Жолдауда айтылған келесі міндеттерге ерекше көңіл бөліп, талқылап шықты:

- Тиімді мемлекеттік басқару, бұл міндетте цифрлық технологияның бизнесті реттеуге қатысуды жалғастыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің және мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттіліктерін толығымен ескеруге мүмкіндік беретіні көрсетілген;

- Заңның үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қалады;

- «Ақылды қала» технологиясын енгізу дамып келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешуге және инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.