ТРМК БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ТРМК БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 ақпанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен семинар өтті.

Семинар жемқорлықтың алдын алу мәселелерінің ең тиімді тетіктерінің бірі. Ол бірінші кезекте қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді нығайтуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті дағдыландыруға бағытталған.

Семинар басында департамент қызметкерлерінің назарына БҚО мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы бейнеролик-фильм ұсынылды.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық Департамент басшысының орынбасары-әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Жұбаныш Аманқос қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері, қабылданған сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлық себептерін жоюға бағытталған шаралар туралы хабардар етті және статистикалық деректерді келтірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатыны айтылды. Осыған орай, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу, әлеуметтік медиадағы аккаунттарды пайдаланған кезде қызметтікәдеп нормаларын сақтау, әлеуметтік медиада: өзін әшкерелейтін суреттер, бейнелер және басқа материалдар, ойын-сауық мекемелерінен және шетелде демалыс орындарынан, жоғары құнды зергерлік бұйымдар мен басқа сәнді заттардың фонындасуреттер мен бейнелердің орналастырылуына жол бермеукеректігіайтып өтілді.

Семинар соңында департамент басшысы Салават Вахитовмаңызды және пайдалы семинар өткізгені үшін алғыс білдіріп, департамент қызметкерлерін өздерінің барлық күш-жігерлерін, білімдері мен тәжірибелерін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсауға, Отанымызға қалтқысыз әрі адал қызмет етуге шақырды.