ТРМК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «ОРАУЫШТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  ТРМК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «ОРАУЫШТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Орауыштың қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы регламентін жүзеге асыру мақсатында жаңартылған стандарттар жобаларының тізімін талқылау тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Іс-шараға  бизнес өкілдері мен облыстық басқармалар мен департаменттер, сонымен бірге Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, «ҰлтССО» АҚ ҚФ мамандары қатысты.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев орауыштың белгілі бір қауіпсіздік талаптарына сай болуы керектігін айтты. Тағам өнімдерінің оның ішінде, балалардың тағамдарына, парфюмерлік-бояғыш заттарға, ойыншықтарға, балалар бұйымдарына арналған орауыштар адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттар рұқсат етілген мөлшерінен асатын қауіпті заттарды шығармауы керек.   Есерте кету керек, бұл техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ оның мақсаттары мен қауіпсіздігіне қатысты орауыштарды (тұйықтауды) тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар, «Орауыш қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттеріне жаңартылған стандарттар тізбелерінің жобалары алдын-ала Қызылорда облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының электронды пошталарына жіберілді.

Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарар алдында орауыш (тығындап бекіту құралдары) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау процедурасынан өтуге тиіс.

Сонымен бірге, орауыштың (тығындап бекіту құралдарының) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сипат алады және мынадай схемалардың бірі бойынша сәйкестікті декларациялау нысанында жүзеге асырылады.

Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламентке сәйкес сәйкестікті растау процедурасынан өтетін орауышта (тығындап бекіту құралдарында) ілеспе құжатпен бірге берілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланған таңбалауы болуға тиіс.

«Дөгелек үстелге» қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұақтарға нақты жауаптар алды.