
2017 жылдың 31-наурызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалымен бірлесіп клесі сұрақтарды талқылау үшін дөңгелек үстел өткізді:
1.«Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында өлшейтін техникалық құралдармен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптары;
2. «Тасымалдау үшін дайындалған табиғи газ отын қауіпсіздік туралы» ЕАЭО ТР жобасы;
3. «Сұйық және газ тәріздес көмірсутектер тасымалдауға арналған құбырлар үшін талаптар туралы» ЕАЭО ТР жобасы;
4. 2018-2019 ж. мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу үшін ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар.
. Атырау - еліміздің негізгі мұнай өндіруші облысы, сондықтан, аймақтағы жетекші компаниялардың өкілдері жиналды.
Дөңгелек үстелге «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Sinooil» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «КаспийСтройНедвижимость» ЖШС, «ПСА Тендык» ЖШС, Атырау облысының тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті мен кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде ҚР ИДМ ТРМК Атырау облысы Департаментінің бөлім басшысы Мейрамбек Бекетұлы Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарын түсіндірді. «ПСА Тендык» ЖШС мұнай базасының өкілдері мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында өлшейтін техникалық құралдардың метрологиялық сипаттамалары туралы сұрақтарын қойды. Талқылау нәтижесінде осы сұрақтарға жауап табу үшін, бірлесіп «ҚазМетрИн» РМК хат жалдау қажет болды.
«ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының директоры Надежда ДЮ жоғарыда көрсетілген техникалық регламенттердің жасақталып жатқандығы туралы ақпарат берді.
Дөңгелек үстел қатысушылары Атырау облысының мұнай-газ саласы үшін бүгінгі күні өзекті болып табылатын жаңа техникалық регламенттер уақтылы шығарып бекітілу қажеттілігі туралы хабар берді.