КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТТІ

 КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТТІ

2017 жылдың 24 наурызында Ақтөбе қаласында Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобаларын қарастыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.

Өңірлік штабтың отырысын Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің басшы міндетін атқарушысы К.Т. Омарбекова ашты.

Отырыс Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік мекемелерінің  және өңірлік штабтың мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Отырыс барысында 2018-2020 жылдарға арналған Стандарттау мемлекеттік жұмыстар жоспарына Ақтөбе облысының кәсіпорындарынан ақпарат жинау мақсатында түскен өтініштерін жинау бойынша БӘСҰ мүше елдерінде сауда жасауда экспортқа биімді мекемелерді техникалық бөгеттер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, «Отын ретінде пайдалану үшін көмірсутекті газдардың төмендеуіне қатысты талаптар» ЕАЭО техникалық регламенттерінің жобалары қарастырылды.

Отырыс барысында «Манар» СРО ЖШС-нің мұнай және жанармай өнімі бойынша эксперт-аудиторы Нұржамал Сайденқызы Сайденова, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамының ғылыми-зерттеу институтының мұнай-газ кен орындарын жобалау бойынша бас инженері, мұнай және газ бойынша эксперт-аудиторы Күляш Байзукейқызы Қалиева, «Қазақстан стандарттау институты» РММ Ақтөбе филиалының директоры Манас Мұратұлы Сарбопин және «Қазақстан метрология институты» РММ Ақтөбе филиалының директоры Абдулла Сағындықұлы Биманалин баяндама жасады.