
2017 жылдың 7 наурызында техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Ақмола облысы Аймақтық штабының отырысы өткізілді. Отырысты Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы – Е.А. Оспанов ашты.
Отырыста мемлекеттік мекемелердің өкілдері, Аймақтық штабының мүшелері, Ақмола облысының сәйкестікті растау жөніндегі орган және сынақ зертхана кәсіпорынның өкілдері қатысты.
«Отын ретінде пайдалануға арналған көмірсутекті газдарды азайту үшін талаптар» КО ТР (Кеден Одағының техникалық регламентті), «Стандарттау туралы»,ҚР-ның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер енгізу, 2017 жылдағы облыстық кәсіпорындар мен ұйымдардың менеджмент жүйелер стандарттарын қоса алғанда, стандарттар мен техникалық регламентін жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспарын іске асыру туралы, 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу үшін ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар өтінімдерді талқылау жобалары қарастырылды.
Отырыс барысында: Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысының м.а. – А.К. Мурзалин, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Н.А. Сейдалин, «ҚазСтИн» РМК АФ директоры - К.К.Жунусов , «ҚазСтИн» РМК АФ маманы - М.Ж.Муздыбаев ,
Отырыстың қорытындысы бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ақмола филиалына тұрақты негізде Ақмола облысының кәсіпорындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі ұсынылды, соның ішінде НҚА мен стандарттарға өзгерістер енгізуіне қатысты индустрияландыру картасына енгізілген.