
2017 жылы 7 қыркүйекте Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «КазИнСт» РМК Жамбыл филиалымен бірлесе отыра Мерке зауытының балық өңдеу кәсіпорнына барып қайтты.
Мерке балық өңдеу зауыты Жамбыл облысының Мерке ауданы Гранитогорск ауылында орналасқан. Зауыт жылына 1500 тонна балықты қайта өңдейді және 750 тонна дайын өнім шығарады. Бүгінгі күні зауыт Арал теңізінен 40 тонна балық әкеледі. Зауытта 30 адам жұмыс істейді. Жобаның жалпы сомасы 300 млн. теңгені құрайды, оның 200 млн.теңгесі игерілді. Бұрынғы Кеден одағына мүше елдерге, сондай-ақ Дания, Швеция, Германия сияқты елдерге ет, етке, балықтың етіне, көксерке, тұқы, тартылған ет, уылдырық және басқа да өнімдер экспортталады.
Компания өкілдерімен кездесу барысында техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманың талаптары, ұлттық стандарттарды әзірлеу, нормативтік-техникалық құжаттарды жаңарту, өнімдер тізілімінің парақтарын әзірлеу, «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламентінің талаптары түсіндірді.
Мерке балық өңдейтін зауытының басшысы ұсынылған ақпаратқа алғысын білдіріп, алдағы уақытта КТРМ сайтында өнімдерге арналған каталождық парақтарын орналастыруға, ұлттық стандарттарды әзірлеуге және оқыту курстары мен семинарларға қатысты мәселелер бойынша одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.
Мерке балық өңдеу зауытының өкілдері ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді.
