
2017 жылдың 21 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы «Кровля НС» ЖШС барды.
«Кровля НС» ЖШС өз қызметтерін 2011 жылдан бастап жасауда. Компания, құрылысқа арналған сэндвич панельдердің бірнеше түрін шығарады. Кәсіпорын өз өнімін тапсырыс берушілердің өтініші бойынша ұйым стандарты негізінде шығарады.
Кездесу барысында кәсіпорын директоры Жүнісбеков Құнай қатысушыларды жұмыс нәтижесімен, сэндвич панельдер өндірісімен, оның құрамымен және оның толық тарихымен, өнім түрлерімен және алдағы жоспарларымен таныстырды.
Өткізілген іс-шара кәсіпорында жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабылеттілік құруға және де экономика мен заманауи техниканың жылдам дамуына бағытталды.
Кездесу соңында техникалық реттеу және метрология саласының өзекті мәселелерін талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жұмыс тобының өкілдерімен кәсіпорынға өнімді каталогтау бойынша, ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша өтініш беруге, өндірісте орнатылған жабдықтын өлшем құралына жататындығы немесе жатпайтындығын анықтауға, өнім сәйкестігін растау бойынша, сонымен қоса Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Кеден одағының аккредиттеу субъектілерінің деректер қорын қолдануға көмек көрсету ұсынылды