ТАМАҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНІМДЕРІ

ТАМАҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНІМДЕРІ

Стандарт меншік және бағыныстылық түріне тәуелсіз (бұдан әрі – кәсіпорындар) тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы,  мал шаруашылығы) өндірісінің өнімдерін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары әзірлеудің және өндіріске қоюдың негізгі ережелерін белгілейді.

Әзірлеуге және өндіріске қоюға жататын өнім тұтынушылардың жасын, әлеуметтік және ұлттық топтарын, сұрыпталымды дамыту бағыттарын, шетке шығару талаптарын есепке алып халықтың сұранысын және қажеттіктерін қанағаттандыруға тиіс.

Өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде қажетті жұмыстардың кезеңдері және мазмұнын, және оларды орындау тізбектілігін өнімнің арналымына,  күрделілігіне және жаңалығына сүйеніп осы стандарттың талаптарын есепке алып, тұтынушы бар болса сондай-ақ оның талаптарын есепке алып өнімді әзірлеуші анықтайды. Сонымен жұмыстардың келесі құрамы қолдануы мүмкін:      - өнімнің тәжірибелі өңделуін дайындау;

- тәжірибелі өңдеуден өнімдердің үлгілеріне сынақтарды жүргізу (талдау);

- рецептуралар  және  технологиялық  нұсқаулықтар,  нормативтік  құжаттама жобаларын әзірлеу, қажет болса;

- өнімдер әзірлемелері нәтижелерін қабылдау;

- өнімдерді өндіріске қою.

Әзірленетін өнімге талаптарды анықтауда бастапқы құжаттар ретінде мыналар қолданылуы мүмкін: келісім шарты, шарт, мәлімдеме немесе тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы, техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген (өзара байланысты) стандарттар, ал олар жоқ болған жағдайда, оларды әзірлеуге жеткілікті талаптарды қамтитын біркелкі өнімдер топтарына нормативтік құжаттар, шикізат, материалдар және дайын өнім сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талатар, халықаралық және өңірлік стандарттар және құжаттар, шетелдік мемлекеттердің стандарттары.

Өнімнің орындалған әзірлемесін бағалау және оның кәсіпорында өндірілуі туралы шешім қабылдау үшін қабылдау (дегустациялық) комиссиясы құрылады. Мүдделі кәсіпорындар және ұйымдар, оларда өнімдерді бағалауға арналған қабылдау (дегустациялық) комиссиялары жоқ болса, басқа кәсіпорынға немесе республикалық дегустациялық комиссияға хабарласа алады.

Өндіріске өнімдерді қою:

- ҚР Ұ 50.1.1 сәйкес стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды енгізу бойынша шараларды анықтауды;

- осы өнім түріне құжаттардың кешенін қалыптастыруды;

- әзірленген өнімді шығару бойынша өндірістер жоспарын құрастыруды;

- осы өнім өндірісін технологиялық жарақтау, метрологиялық қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын және талдауларды жүргізу үшін реактивтерді алу бөлігінде өнімді шығаруға кәсіпорындарды дайындауды қамтиды.

Стандарт талаптарының орындалуы өнімдерді ойлап шығаруда және игеруде өнімді әзірлеушімен, тапсырыс берушімен (тұтынушымен) қамтамасыз етіледі.

Қандайда бір сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласа аласыздар. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, тел.: 750541 Еmail: gosnadzor_аstana@mail.ru.

Қыстаубаева Азиза Қалиқызы - Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы.