
Қазіргі таңда қоршаған ортаның жай-күйін сақтау мен жақсарту және адам денсаулығын қорғау проблемалары бүкіләлемдік алаңдатушылық туғызуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар экологтардан сынға ұшырайтын объектілері болып табылады. Сондықтан, бүкіл әлемде қоршаған ортаны басқару жүйесіне қойылатын талаптарын белгілейтін, ISO 9001 сапа жүйесінің сертификатымен қатар ISO 14001 экологиялық менеджмент сертификаттары енгізіледі.
ISO 14000 халықаралық стандарттары жаһандық экономика үшін жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды шешудің маңызды құралы болып табылады. Осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – 14000 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесін меңгеру мен еңгізу болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарда қоршаған ортаны басқару жүйелерін құру - қоршаған ортаны жақсарту жолындағы маңызды қадам. Оның негізгі мақсаты ұйымдардың қолданыстағы заңнаманы құрметтеу кезінде экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға көмектесу болып табылады.
ISO 14001 стандартын қоршаған ортаны басқару жүйесіне енгізу компанияны қоршаған ортаға зиян келтіретін зиянды әсерге қарсы күрестен осындай әсерлерді болдырмауға немесе азайтуға көшуді ынталандырады.
Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар ISO 14001: 2015 халықаралық стандарттарын белгілейді.
2015 жылдың 15 қыркүйегінде ресми түрде халықаралық стандарты ISO 14001: 2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Пайдалануға қойылатын талаптар мен нұсқаулар» - экологиялық менеджмент жүйелерінің ең танымал стандарттарының бірі қайта қаралды және жетілдірілді. Стандартының жаңа нұсқасы жаһандық бизнес-қоғамдастықтың дамуындағы соңғы үрдістері, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға қабілетіне өндірістік қызметінің әсерін тану сәйкес келеді.
ISO 14001 жаңа нұсқасында қоршаған ортаға қойылатын талаптары ұзартылды, ол алдыңғы нұсқасында «әлсіз» элементі болған, яғни «ластануды болдырмау» ғана міндеттеме болды. Стандарттың жаңа нұсқасы ұйымның экологиялық саясатына тікелей «қоршаған ортаны қорғау» міндеттемесімен толықтырады. Енді ұйым әрбір уақытта қоршаған ортаны «бұзады деген» өзінің ұшырау деңгейін аралығын дәлелдеу керек.
ISO 14001: 2015 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар мен қолданылатын басшылық» жарияланған күннен бастап үш жылдық өтпелі кезең белгіленді. СТ РК ИСО 14001-2006 экологиялық менеджмент жүйелерінің сәйкестік сертификаттары жарияланған күннен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз болып есептеледі, яғни 2018 жылдың 15 қыркүйегінен бастап.
ҚР СТ ИСО 14001-2006 сәйкестік сертификаттардың қолданылу мерзімі, өтпелі кезеңде берілген, (2018 жылдың 15қыркүйегінен кешіктірмей) үш жылдық өтпелі кезең соңына сәйкес келуі тиіс. ҚР СТ ИСО 14001-2006-дан ҚР СТ ИСО 14001-2016-ға өту бағалауы сейкестікті растау органдармен жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер кезінде жүргізіледі.
2017 жылғы 1 тамыздан бастап стандарттың жаңа нұсқасына көшуіне байланысты, қоршаған ортаны басқару жүйелерін сертификаттау тек ҚР СТ ИСО 14001-2016 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Экологиялық менеджмент жүйесінің сертификаттауын аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, аккредиттеу аймағына сәйкес жүзеге асырады. Астана қаласында Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде, басқару жүйелерінің сәйкестігін растау үшін 20 орган тіркелген. Сәйкестікті бағалау органдары туралы ақпаратты Ұлттық аккредиттеу орталығының веб-сайтынан www.nca.kz алуға болады.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Уалиева Анар Абсаттаровна