
2017 жылғы 23 тамыздағы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитеті төрағасы Г.Дугаловтың төрағалығымен өткен мәжіліс хаттамасы талаптарын орындау мақсатында, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары талаптарын департаменттің мемлекеттік қызметкерлеріне түсіндіру» тақырыбында 25.09.2017 ж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының, Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігі өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Семинарды алғы сөзбен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жетыбай Билбалаевич Акмаганбетов ашты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы – Ербол Жұмабай Көбейсінұлы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптары» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі.
Отырыс барысында Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің жоба үйлестірушісі – Ляззат Таңатарқызы Қарабалаева аталған салада кездесетін өзекті мәселелермен бөлісіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жасалынған жұмыстары жөнінде де айтып өтті.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға толығымен жауап қайтарылып, отырыс қорытындысы бойынша ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының талаптары көрсетілген хаттама толтырылды.
Семинар пікір талас форматында өткізілді.
Қорыта келгенде, барлық азамат құқыққа қарсы жасалынған әрекеттер тұтастай барлық дәрежесінен айыратынын қаперінде ұстауы тиіс деген ойда болуы қажет.