ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІ

Жыл сайын 14 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымына (ISO), Халықаралық электротехникалық комиссияға (IEC) және Халықаралық электр байланыс одағына (ITU) барлық мүше елдер, сондай-ақ барлық әлемдік ғылыми-техникалық қоғамдастық стандарттау жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын тану ретінде Дүниежүзілік стандарттар күнін белгілейді.

Биылғы жылы Дүниежүзілік стандарттар күні – Стандарттар қалаларды ақылды етеді девизімен өтеді.

«Ақылды қалалар» құру барынша күрделі міндет болып табылады. Әр қала өзінің қиыншылықтарын басынан өткеріп, өздеріне қатысты шешімдерді талап етеді. Алайда, осы міндетті елеулі түрде жеңілдететін бір жалпы түйін бар. Осы түйін стандарттау болып табылады. Стандарттар экономиканы дамытуда, өнеркәсіп, сауда, басқару құрылымдары мен тұтынушылар қозғалысының мүдделерін қамтамасыз етуде түйінді роль атқарады.

«Ақылды қала» стандарттарының негізгі артықшылығы – қаланы барлық процестерімен орталықтан басқарудың қағидаттық жаңа мүмкіндіктерімен зияткерлік кеңістікке айналдыру. Қауіпсіздік пен сервистердің жоғары деңгейі әлемдік тәжірибені есепке алып энергия үнемдеу, ТКШ, көлік, білім, денсаулық сақтау, экология, ақпараттық технологиялар саласында инновациялық шешімдер есебінен қамтамасыз етіледі. «Ақылды қала» біріккен жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік пен оны басқаруға ерекше назар аударылады.

Біртіндеп, стандарттар көмегімен біздер қалаларымызды ақылды етіп, «Ақылды қалалар» жүйесін үздіксіз және біріктіріп дамыта алатын боламыз.