ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында, Техникалық реттеу сұрақтары бойынша аймақтық штаб отырысы өтті. Отырысқа Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М. Нүгеров, Семей өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарының  өкілдері қатысты.

«Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» КО ТР стандарттар тізімінің жобасын талқылау туралы мәселе бойынша «ҚазСтИн» РМК Семей қаласы бойынша өкілдігінің басшысы  Кузнецов Сергей Андреевич сөз сөйледі. «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ –нан «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» КО ТР стандарттар тізімінің жобалары бойынша ұсыныстар түсті.

ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) типтік схемаларын қолдану тәртібі туралы ереже туралы және ресейлік сәйкестікті растау органдарының  сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік декларацияларын беру туралы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Семей филиалының сарапшы-аудиторы Жұмажанов Бауыржан Мелсұлы сөз сөйледі.

Зертханааралық салыстырмалы сынақтарды ұйымдастыру бойынша «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Семей филиалының сынақ орталығының басшысы Қасенова Райгүл Оралқанқызы сөз сөйледі.

Семей бөлімінің басшысы Шумаев Ракш Ришатұлы, «Казэлектромаш» ЖШС-нің шығарылған өнімге арналған ТН ВЭД кодтары туралы сұрағына түсінік берді.

Аймақтық штаб отырысында пікір алмасылды, кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді, ЕАЭО ТР түскен ұсыныстар мен ескертулер Техникалық реттеу және метрология Комитетіне және «ҚазСтИн» РМК  жіберіледі.