ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІ

2017 жылдың 06 қазанында сағат 11-00 де ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалы ОҚО бойынша ТРМК департаменті және ОҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасымен бірге Дүниежүзілік стандарттар күніне орай келесідегідей тақырыпта семинар өткізеді: «Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді».

Жыл  сайын  14 қазан  күні  ISO  Стандарттау   бойынша халықаралық ұйымына,  IEC  Халықаралық  электротехника ұйымына және ITU Халықаралық электрлік байланыс одағына, сонымен қатар барлық халықаралық ғылыми-техникалық қоғамға мүше-елдердің барлығы Дүниежүзілік стандарттау күнін, стандарттау жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын ретінде атап өтуде.

«Ақылды қалаларды» құру күрделі тапсырмалардың бірі болып саналады. Әр қалай қиыншылықтармен соқтығысып және өз шешімін талап етеді. Бірақта, жалпы бір қорытынды бар, ол туындаған қиыншылықты оңай шешуге септігін тигізеді және ол – стандарттау. Стандарттау экономикалық дамудың басты кілт көзі, өнеркәсіптің, сауданың, құрылымдық басқарманың және тұтынушылардың қызығушылығын қамтамасыз етеді.

«Ақылды қалалар» стандарттарының негізгі артықшылығы – қаларларды барлық олардың процестерімен орталықтандырылған басқарудың жаңа қағидаларымен бірге интеллектуалды кеңістікке айналуы. Қауіпсіздіктің және қызмет көрсетулердің жоғарғы деңгейлері энергияны үнемдеу саласынла, ТКШ, тасымалдау, білім, денсаулықты қорғау, экология, ақпараттық технологиялар халықаралық тәжірибелерді ескере отырып инновациялық шешімдердің есебінен қамтамасыз етілген.

Бірте-бірте стандарттардың арқасында біз қалаларымызды ақылдырақ және «Ақылды қалалар» бағдарламасының интегралды дамуына және үздіксіз қолдауына қол жеткізе аламыз.

Аталған іс-шарада келесі тақырыптар қарастырылады:

- Дүниежүзілік стандарттар күні – 2017: «Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді «Смарт-сити» бойынша ұлттық стандарт»;

- ISO 31000 «Тәуекелдік менеджменті. Принциптер және басшылық нұсқаулар»; ISO/TR 31004:2013. Тәуекелдік менеджменті. Енгізу бойынша басшылық ISO 31000;

- ҚР СТ ISО 9001-2016 «Сапа менеджмент жүйелері. Талаптар».

Семинарға ірі және орта, кіші кәсіпорындар мен ұйымдардан «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Казмедприбор Холдинг» ЖШС, «Электроремонтно-наладочное управление» ЖШС, «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС, «Энергомера-1» ЖШС, «КазЭнерго-1» ЖШС, "Элком" ЖШС, «Потенциал» ЖШС, «Потенциал Energy» ЖШС, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «Нуран» ЖШС, «Sunrise-Sertic» ЖШС, «Ferrum Vtor» (Феррум Втор) ЖШС, «ЦветЛит» ЖШС, «Амир-А» ЖШС, «Жилстрой Индустрия» ЖШС және т.б. қатысу жоспарлануда.