
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінде Халықаралық "Қарттар күніне" жыл сайын бұрынғы істеген әріптестерін шақыру дәстүрге айналған. Осыған орай 2017 жылың 29 қыркүйегінде зейнеткерліктегі департамент ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Ардагерлер Мемстандарт туралы әңгімелеп, мемлекеттік бақылау жүргізу кезіндегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі жағдайлар туралы сөз қозғады. Жас мамандарға өздерінің тәлім мен тілектерін білдірді. Өз кезегінде, қызметкерлер оларды Мемстандарт жүйесіндегі жаңалықтармен және заңнамалардағы өзгерістермен таныстырды. Кездесу бейресми жағдайда өткізіліп, естелік суреттер жасалынды. Сондай-ақ департамент мамандары жыл сайын өз ардагерлерін туған күндерімен және айтулы мерекелермен құттықтайды. Ұжым арлагерлерді құттықтап естелік сыйлықтар мен қол қойылған суреттерді табыстады.