
Бүгінгі таңда, 16 наурызда 2017 жылғы Алматы қаласының «Рамстор» ЖШС сауда компания желісінде тұтынушыларға қызмет көрсетумен 10 сауда кәсіпорындары айналысады. Техникалық реттеу және метрология комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалымен бірігіп «Рамстор» ЖШС бастамасымен өздерінің алаңында тұтынушыларды жаңылыстыратын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты әрекеттерді, сонымен қатар, өлшеу нәтижелерінің дәйексіз салдарын ескерту мақсатында Евразиялық экономикалық одақ және Қазақстан Республикасының шеңберінде қолданылатын техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнама талаптарын талқылау бойынша семинар өткізілді.
Семинар жұмысына «Рамстор» ЖШС кедендік сұрақтар бойынша мамандары және маркетологтар, сапаны бақылау бөлімінің мамандары, сонымен қатар, «Рамстор» ЖШС сауда компания желісіне өзінің өнімін өткізу үшін жеткізетін өндірушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары қатысты.
Соның ішінде, шетелдік өнім жеткізушілері мен отандық өндірушілерге қолдануға және сақтауға міндетті болып табылатын (Евразиялық экономикалық одақ және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде) заңнамалық деңгейдегі құжаттарда белгіленген талаптарды тұтынушыларға үлкен рөл атқаратын өнімнің таңбасына назар аударылды. Дегенмен, бақылау тәжірбиелерінің көрсетуі бойынша әр түрлі сауда желілерінде көрсетілген міндетті құжаттарға сәйкес келмейтін көптеген өнім түрлері бар, себебі орыс және мемлекеттік тілде таңбалаудың көрсетілмеуі сауда кәсіпорындарын сәйкес санкциялауға алып келеді немесе алып келуі мүмкін.
«Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» (2008 ж. бекітілген, республика аумағында өндірілетін және әкелінетін өнімнің барлық түріне таратылады, ҚР жаңа ТР шығуына байланысты 2016ж. қайта қарастырылды) қазақстандық техникалық регламенттің мысалында Кедендік/ Евразиялық экономикалық одақ заңнамаларының қазақстандық алдында және өнімді таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейтін 35 техникалық регламенттің (КО ТР/ ЕурАзЭҚ) ықпалына түсетін барлық өнім түрлерінің таңбалау талаптарының оның ішіндегі ерекшеліктері туралы айтылды.
Сонымен қатар, саудада ескерілетін төменде көрсетілген тәртіпке назар аударды:
- КО / ЕурАзЭҚ (ЕЭО) нарығында өнімнің белгісін орналастыру тек қана КО ТР/ ЕурАзЭҚ ықпалына түсетін өнімге ғана қойылады. Сонымен бірге, КО ТР/ ЕурАзЭҚ ауыспалы кезеңінде өнімге ҚР ұлттық сәйкестік белгісі тұруы мүмкін немесе ол егер бұрында сертификаттауға және декларацияға жатпаса – ЕЭО кедендік, ұлттық сәйкестік белгісіде болмайды; - КО / ЕурАзЭҚ берілген құжат бойынша КО ТР/ ЕурАзЭҚ немесе (620 КОК Шешімі) ауыспалы заңнама сәйкістігінен өткен өнім қосымша сәйкестікті растау рәсімдерінен өтпейді;
- сәйкестікті растаудан өткен өнім КО ТР/ ЕурАзЭҚ қолданысқа түскеніне дейін оның қолдану уақыты біткенше жүзеге асырылады, тек қана КО ТР/ ЕурАзЭҚ қолданысқа енгізілгеннен кейін ауыспалы кезеңде және КО / ЕурАзЭҚ Шешімдері мен көптеген маңызды тәртіптер;
Сонымен қоса, семинар қатысушыларына жіберілген бұзушылықтарға әкімшілік жауапкершіліктің шаралары мен мемлекеттік бақылауды жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер Кодексінің талаптары туралы ақпарат берілді.