ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚР СТ 1430-2005 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ САЛЫНҒАН МӨР.ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР» НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТЫ ТАЛАПТАРЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ

 ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚР СТ 1430-2005 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ САЛЫНҒАН МӨР.ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР» НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТЫ ТАЛАПТАРЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, 2017 жылдың 10 наурызында «Қолданыстағы ҚР СТ 1430-2005   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр.Техникалық талаптар» нормативтік құжаты талаптарын талқылау» тақырыбында өңірдегі осы кәсіппен айналысатын кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Дөңгелек үстел мақсаты – өңір кәсіпорындарында қолданыстағы ҚР СТ 1430-2005   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр.Техникалық талаптар» стандарты шеңберіндегі өнім өндірушілердің  проблемалық мәселелерін анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру  мәселелері болды.

Дөңгелек үстел отырысын Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы  Б.Пашенов ашып, күн тәртібі бойынша ҚР СТ 1430-2005 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр.Техникалық талаптар» стандарты нормативтік құжаты бойынша Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынған мөрлерге қойылатын талаптар туралы қысқаша таныстырып, түсіндірме беріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған стандарттың кейбір талаптарын қайта қарап, ұсыныс-ескертпелер беріліп,  стандарттарды дайындаушы уәкілетті органмен қайтадан қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында отырысқа қатысушылар өздері қолданып отырған ҚР СТ 1430-2005 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр.Техникалық талаптар» нормативтік құжаты талаптарына талдау жүргізіп, «Фирма Венера ЛТД» және «Шебер Принт» ЖШС-гі өкілдері аталған стандартқа өздерінің ұсыныс-ескертпелерін айтып өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысы қорытындысымен отырысқа қатысушы кәсіпорындар өкілдерімен ҚР СТ 1430 – 2005 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр.Техникалық талаптар» стандарты нормативтік құжатын қолдануда кездесетін проблемалық мәселелер талқыланып, келтірілген ескертпелер мен ұсыныстар уәкілетті органға ұсынылатын болды.