
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, облыстық мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен, «ҚР мемлекеттік рәміздерін орналастыру тәртібі мен стандартқа сәйкес қолданылуы» тақырыбында семинар өткізді.
Күн тәртібі бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әлімжан Жарылқағановтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін орналастыру тәртіптері» тақырыбы аясында баяндамасы тыңдалды.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев «Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы туралы» тақырыбында баянадама жасады.
Семинар барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына енгізілген негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары және оны әзірлеу қажеттілігінің мақсаттарын атап өтті.
Жаңа сатндартқа сәйкес мемлекеттік Елтаңба 3D үлгісінде жасалған және бояуынан бастап айырмашылықтары көп екендігін атап айтты.
Алдын-ала дайындалған слайдтар арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің орналастырылу ережесін, сонымен қатар аккредиттелген сынақ зертханалары мен сәйкестікті растау орган тізімдеріне тоқталып, жаңа стандарт бойынша елтаңбаны қолданудың кепілдік уақыты 3-жыл мерізімінде деп белгіленгендігіне түсінік берді. Ескі үлгідегі Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін аяқталуы тиіс.
Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.