
2017 жылдың 15 наурызында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері және «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалымен бірлесіп «Имсталькон - Атырау» ЖШС-не техникалық реттеу және метрология сұрақтарын түсіндіру үшін арнайы барды. «Имсталькон - Атырау» ЖШС «Имсталькон» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Имсталькон» АҚ барлық жауапкершілік деңгейіндегі обьектілерде құрылыс-монтаждық жұмыстарды жасауға 1 санатты лицензиясына ие.
Кәсіпорын қызметі құрылыс конструкцияларын, болат резервуарларды және жабдықтарды, құрылыс-монтаж жұмыстарына, өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың құрылысы мен ғимараттарды жобалау және өндіру болып табылады.
Кездесу барысында «Атырау-Имсталькон» ЖШС директоры Чернобров А.И. жұмыс нәтижелерімен, сондай-ақ компанияның болашақ жоспарларларымен таныстырды.
Жұмыс барысында стандарттау жүйесіндегі нормативті құжаттардың Қазақстан Республикасында қолдану тәртібін, оларды мерзімді жаңғырту қажеттілігін, мемлекеттік стандарттау 2018-2020 ж. Жоспарына ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізу туралы сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ «Интернет-дүкен» ақпараттық жүйенің қызметін туралы мәлімет берілді.
ҚР ИДМ ТРМК Атырау облысы Департаментінің бөлім басшысы Мейрамбек Бекетұлы өндірісте қолданылатын өлшем құралдарының типін бекіту, тексеру және калибрлеу үшін қойылатын негізгі талаптарды түсіндірді.
«Имсталькон-Атырау» ЖШС директоры Чернобров Александр соңында стандарттау, сертификаттау және метрология саласында берілген ақпарат үшін алғысын білдірді.
Анықтамалық: 1994 жылдан бастап 2005 жылға дейін «УзеньМунайГаз», «МангистауМунайГаз», «КаражанбасМунайГаз», «ЭмбаМунайГаз» Атырау МӨЗ кәсіпорындарына 1000 бастап 20000 текше метрге дейін деңгейде, жүздеген резервуарлар дайындаған және жинаған.