
Ағымдағы жылдың 15 наурызында техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департамент мамандарымен техникалық реттеу және өлшем бірілігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚР кәсіпкерлік Кодексін, КО ТР «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін», КО ТР «Азық түлік өнімдері және оларды таңбалауды», МЕМСТ 8.579-2002 «Кез келген түрде өлшеніп буып-түйілген тауарларды өндіру, өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезінде олардың санына қойылатын талаптарын» және ҚР ҰС 2.156-2009 «Кез келген түрде өлшеніп буып-түйілген тауарларды өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезінде олардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін» түсіндіру үшін, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талқылау мен оларды шешуге жәрдем көрсету үшін «Бэккерей» ЖШС-де кездесу өткізілді.
«Бэккерей» ЖШС нан, нан-тоқаш өнімдерін, кондитерлік өнімдерін өндіру және сатумен айналысады. Департамент мамандары кәсіпорынның өндірістік базасымен, шығарылатын өнімнің түрлерімен, өндірістің кіріс және шығыс бақылауымен таныстырылды. Өз кезегінде, ШҚО бойынша ТРМКД мамандарымен өнімді каталогтау жүйесінде каталогтық парақтарды тіркеу қағидаларының талаптары түсіндірілді.
Жұмыс жиынтығын өлшеу құралдары ретінде МРК 6200 - арнайы электрондық таразыларды қолдану арқылы өнім партиясының ішінен іріктелген әрбір жеке дайын орамадағы таза салмақ құрамын өлшеуге қатысты сұрақтар қозғалды. Департамент мамандары өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орамдағы бумаланған тауарларға қойылатын талаптарды және шығарылатын өнімді таңбалау ережелерін толық түсіндірді. Сондай-ақ, өндірісті нормативті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандары тарапынан толық жауап берілді.