«СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

«СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

2017 жылдың 14 наурызында Алматы қаласы бойынша ТРМКД «КазСтИн», РМК Оңтүстік филиалы және ЗТБ «Қазақстанның Сүт одағы» бірлесіп, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі» 033/2013 КО ТР-нде № 2 өзгеріс жобасы бойынша отырысы өтті. Отырысқа сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың (ЖШС "Райымбек Агро", ЖШС "Данон Беркут", ЖШС "Фудмастер", ЖШС «Сүт зауыты Солнечный», ЖШС "Адал"), мемлекеттік кәсіпорындардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан кәсіпкерлер Форумының басшылары және мамандары қатысты.

ЗТБ «Қазақстанның Сүт Одағы» және Қазақстан кәсіпкерлер Форумының өкілдерімен сүт майын алмастырғышпен сүті бар өніміне қатысты 033/2013 КО ТР-нде бар терминдер мен таңбалауларына жаңасын енгізу және қолданыста барын түзетуіне енгізілетін өзгерістердің толық талдау берілді.

Талқылау бірнеше сағат өтті және барлық қатысушылар бір пікірді ұстана, енгізілетін өзгерістер қазіргі сүт өнімдер нарығын жақсартпайды, толық айтарлықтай оны төмендетеді,сондай ақ, тұтынушыларды ғана емес, толық түсінбеген сүт өнімдерін өндірушілерін адастырады .

Нәтижесінде, енгізілген өзгерістер айтарлықтай халықаралық стандарт CODEX STAN 206-1999 Алиментариус Кодексі Комиссиясының терминологиясына үйлеспейді, дегенмен түсіндірме жазбада мәлімделген енгізілетін өзгерістер Алиментариус Комиссиясының стандартына сәйкес екенін көрсетілген. Сондай-ақ, тұтынушыларды өнім таңбасына енгізілетін өзгерістер адастырады.

Талқылау аяқталған соң, қатысушыларға өзгеріс жобаның нормаларын тағы талдау жасап, содан кейін белгіленген нысан бойынша ресімделген біріктірілген ескертулер мен ұсыныстар 2017 жылының 1 сәуіріне дейін жіберілсін деп ұсынылды.