
Сәйкестікті растау жөніндегі қызметтер келесіндей заңдармен реттеледі:
- «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңымен;
- 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентімен;
- «Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 Қаулысымен;
- «Бірыңғай құжат беру арқылы кеден одағы аумағында сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімдердің бірыңғай тізілімі» 2011 жылғы 7 сәуірдегі Кеден одаға комиссиясының шешімімен.
Сәйкестігін міндетті бағалауға , «Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 Қаулысымен және «Бірыңғай құжат беру арқылы кеден одағы аумағында сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімдердің бірыңғай тізілімі» 2011 жылғы 7 сәуірдегі Кеден одаға комиссиясының шешімімен бекітілген тізілімге енген өнімдер жатады.
Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары ғана жүргізеді.
Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді.
Өнімді сертификаттау ерікті немесе міндетті түрде жүргізіледі.
Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы мыналарға тексеріледі:
- өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын және басқа да талаптар бойынша сәйкестігін тексеруге;
- өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растаған кезде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексеруге тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады.
Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады. Сертификаттау кезінде өнімнің сәйкестігінің белгіленген талаптарға қажетті дәлелін қамтамасыз ететін схеманы пайдаланған жөн.
Сертификаттау схемасын өтініш беруші таңдап, оны органға ұсынады.
Сәйкестігіне сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттарда өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) мен сынақ әдістері, өнімінің осы талаптарға сәйкестігі толық және дұрыс растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнім мен бақылау үлгілерін іріктеу ережесі белгіленуге тиіс.
Нормативтік құжаттардың ережелері оны дәл және біркелкі талқылауды қамтамасыз ете отырып айқын жасалуға тиіс. Сипаттамалардың өлшемділік мөлшері мен сандық мәні сынақтар кезінде берілген немесе белгілі дәлдігін туынды анықтау үшін мүмкіндік болатындай берілуге тиіс.
Ережелердің мазмұны мен мағынасы түрлі зертханаларға салыстырмалы нәтижелер алуға мүмкіндік беруге тиіс. Егер бұл бірізділік сынақтардың нәтижелеріне ықпал ететін болса, сынақтарды жүргізудің бірізділігі көрсетілуге тиіс.
Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді. Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі бір күннен аспауға тиіс. Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады. Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі. Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді.
Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады.
Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия жүзеге асырады. Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізімін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі.
Нормативтік құжаттарда көзделген жағдайларда өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өнімнің бақылау үлгілерін сақтау жүзеге асырылады. Өнімнің үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі. Сынақтар осы объектіні сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттамада көзделген және Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі. Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Ең болмаса көрсеткіштердің біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, бұған өтінім берушінің келісімі бойынша сынақтарды жүргізуді жалғастыру жағдайлары жатпайды. Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге сертификат беруден бас тарту туралы шешім жібереді.
Сынақтардың хаттамалары өтінім берушіге және Органға жіберіледі. Сынақтар хаттамаларының көшірмелері сертификаттың жарамдылық мерзімінен кем болмайтын уақытқа сақталуы тиіс. Хаттамалардың көшірмелерін сақтаудың нақты мерзімдері (оның ішінде өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігінен өтінім берушіге сертификат берілу мүмкін емес жағдай үшін) зертхана белгілейді.
Өтінім беруші Органға өтінім бойынша шешімде көрсетілген құжаттарды, оның ішінде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.
Өтінім беруші Органға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды бере алады.
Ұсынылған құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін Орган Сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе тиісті құжаттарда көрініс табатын жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады. Ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда өтінім беруші осы бұзушылықтарды жоя алады және Органға анықталған бұзушылықтар бөлігінде қайта қарауға бере алады.
Толық ақпарат алғысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11. телефондарымыз 270741, 270742, Еmail: gosnadzor_аstana@mail.ru
Қабулова Ақмарал Абтыхалиқызы