«АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ - «ҚАЗХРОМ» ТҰК» АҚ АРНАЙЫ БАРЫЛДЫ

«АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ - «ҚАЗХРОМ» ТҰК» АҚ АРНАЙЫ БАРЫЛДЫ

2017 жылдың 10 –шы наурызында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері және «ҚазСтИн», «ҚазМетрИн» РМК Ақтөбе филиалдарымен бірлесіп « Ақтөбе ферроқорытпа зауыты - «Қазхром» ТҰҚ» АҚ арнайы барды. Ақтөбе облысында «Қазхром» ТҰҚ» АҚ екі құрылымдық бөлімшесінің біреу болып Ақтөбе ферроқорытпа зауыты орналасқан. Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бүгінде замануи, тұрақты дамып келе жатқан экспортқа бағдарланған кәсіпорын болып табылады, оның өндіріс көлемі жылына 300 мың тоннадан астам ферроқорытпа құрайды. Негізгі металлургия өнімінен басқа кәсіпорын қож-шығылым, сұйық шыны, қождан, талшықтастан, сутегінен, азот пен көмірсутегінен отқа төзімді бұйымдар шығаруды игерді. Іс-шара өту кезенінде зауыттын техникалық реттеу және метрология, акредитациялау, стандартизациялау және сертификациялау бойынша негізгі мәселелері қаралды. «Интернет-дүкен» ақпараттық жүйесінде абонементтік қызмет көрсету, сондай-ақ НТҚ қарауға «Онлайн-рұқсат» жаңа қызмет, зауыттын қолданыстағы техникалық нормативтік құжаттарды көкейтесті ету бойынша, мемлекетаралық, ұлттық және мемлекеттік емес стандарттарды әзірлеу және қолдану туралы және т.б. мәселелері қаралды.