
Жарылғыш зат – белгілі бір жағдайда сыртқы әсердің ықпалымен газ тәрізді өнімді және үлкен көлемдегі жылуды бөле отырып өздігінен таралып тез химияға айналатын бірнеше заттардың қосындысы немесе кондинсирленген химиялық зат.
Адам өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортасын қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттерді ескерту мақсатында, жарылғыш заттарды және олардың негізіндегі бұйымдарды, сонымен қатар тасмалдауға және сақтауға, пайдалануға, әзірлеуге оларға қатысты процесстерге қажетті талаптарды белгілейтін, Кеден Одағының «Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті әзірленді. Осы нормативтік құжаттың талаптарын жарылғыш заттарды және олардың негізіндегі бұйымдарды жобалау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде орындау міндетті болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген Кеден Одағының техникалық регламенті осыларға таратылады:
а) өндірістік мақсатта жарылыс энергиясын пайдалануда жарылғыш заттарды және олардың негізіндегі бұйымдарды әзірлеу және дайындау;
б) өндірістік мақсатта жарылыс энергиясын қолдануда тікелей пайдаланылмайтыны емес, өндірістік мақсатта жарылыс энергиясын қолданылатын жарылыс заттар мен бұйымдарды өндіруде пайдаланылатын жарылғыш заттар;
в) су негізіндегі гельдер мен су негізіндегі эмульсияларды алу үшін өңделетін және дайындалатын жарылғыш заттар, аммония нитраты негізіндегі эмульсиялар мен матрицалық тотығыштар;
Алайда, пиротехникалық бұйымдарға және де қорғаныстық өнімдерге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға бұл техникалық регламент бойынша талаптар қойылмайды.
Жарылғыш заттар және олардың негізінде жасалған бұйымдар «Жарылғыш материалдардың және олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі» және өзге де оларға таратылатын Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкес қажетті растау процедураларынан өткен жағдайда шығарылады.
Өндірісте қолдану мақсатында өңделетін және дайындалатын жарылғыш заттардың үнемі қолданылуына мемлекеттің өндіріс қауіпсіздігі саласының уәкілетті органы Кеден Одағының мүшесі атынан берілген Рұқсатнама болуы тиіс.
Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін бағалау сәйкестігі бар және Рұқсатнамасы бар жарылғыш заттар және олардың негізінде жасалған бұйымдардың мемлекеттер нарығында - Кеден Одағы мүшесінің бірыңғай өнімдік айналым белгісі болуы тиіс.
Мемлекеттер нарығында - Кеден Одағы мүшесінің Бірыңғай өнімдік айналым белгісі жарылыс заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды Кедендік Одақ мүшелерінің мемлекеттердің бірыңғай кедендік аймағында айналымға шығарар алдында таңбаланады.
«Жарылғыш материалдардың және олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті нің талаптарымен толық Еуразиялық Экономикалық комиссиясының сайтындағы «Техникалық регламенттеу» бөлімінен танысуға немесе техникалық реттеу саласы бойынша сұрақтар туындаса, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің аймақтық Департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Дайындаған: Мұқыжанов Ғалым
Астана қаласының мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік инспекторы