"Дөңгелек үстел " көшпелі отырысы өтті

"Дөңгелек үстел " көшпелі отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Асқарбек Базарбаев Алматы қаласының Құлжа тас жолында орналасқан Алматы қаласының Жергілікті полиция қызметі басқармасының №5 Думан экологиялық бекетте жұмыстық кездесу өткізді.

Аталған іс-шараға, Алматы қаласының жасыл экономика басқармасының басшы орынбасары Айдын Темешев, Алматы қаласының Жергілікті полиция қызметінің басшы орынбасары Ержан Ұзабаев, Алматы қаласы бойынша экология департаментінің Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Марат Сақтағанов, «КазСтандарт» РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының маманы Абылай Исабек қатысты.

№5 Думан Экологиялық бекетінде көп компонентті газ талдағыштардың көмегімен бензин мен газ автомобильдерінің пайдаланылған газдары көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, азот оксиді, оттегі құрамын анықтайтын өлшеу құралы қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптары бойынша мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналысқа шығарылар алдында типін бекітуге немесе метрологиялық аттестаттауға және айналысқа шығарар алдында, жөндеуден кейін, пайдалану кезеңінде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жататыны жөнінде және 2020 жылдың 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында болған өзегерістер жайлы Департаменттің бас маманы - Асқарбек Базарбаев атап өтті.               

Кездесу қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасылды