«ЖИҺАЗ ӨНІМІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТІҢ ТҮСІНДІРУ

«ЖИҺАЗ ӨНІМІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТІҢ ТҮСІНДІРУ

2017 жылдың 28 ақпанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті , «ҚазСтИн» РМК-нің Қызылорда филиалымен бірлесіп, жергілікті тұтынушылар мен кәсіпкерлерге «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне КО ТР 025/2012 түсіндірме беріп, талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Департаменттің жетекші маманы - Жадра Бектаева өткізілген іс-шарада Кеден одағы «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті Кеден одағының аумағында жиһаз өнімдерін жасап шығару мен қолданысқа енгізуге арналған талаптарды белгілеу, Кеден одағының аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдерінің қиындықсыз тасымалдануын қамтамасыз ету үшін жасалатынын түсіндірді. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы айналымдағы өнім біріңғай белгімен таңбалауы болуы тиіс екендігі айтылды; қабылданған техникалық регламент тұтынушыларды жаңылыстырылатын іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында жиһаз өнімдеріне және жиһазды қолдану талаптарын белгілейтіні түсіндірілді. Сонымен қатар, жиһаз өнімдерінің сәйкестігін растау Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 621 шешімімен бекітілген бірегей сатыларға және үлгілік сәйкестікті бағалау сұлбаларына сәйкес іске асырылатындығына тоқталып өтті. «ҚазСтИн» РМК-нің Қызылорда филиалының басшысының міндетін атқарушы- Әсел Қалиева ерікті түрде стандарттау саласындағы құжаттар тізімін қолдану нәтижесінде, «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететіндігіне тоқталып өтті. Евразиялық экономикалық комиссия кеңесінің ресми сайтында қоғамдық талқылауда тұрған «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне стандарттар жобасынын тізімдерін қарастырып, ескертпе, ұсыныстар және ақпарат беруді біріңғай нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік қор орталығына «ҚазСтИн» РМК-нің Қызылорда филиалының қамтамасыз етуге ұсыныс келгенін айтып өтті. Пікір алмасу барысында «дөңгелек үстел»-ге қатысушылардан түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді. Мәжіліс соңында департамент мамандары КО «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 025/2012 техникалық регламентке ұсыныстар мен ескертулер енгізу үшін департаменттің байланыс телефондары мен электрондық поштасын берді.