
2017 жылы 3 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштерін жақсарту шараларының жоспары бойынша, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдері «Сага Аташ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып қайтты.
«Сага Аташ» ЖШС-ң негізгі қызметі құрылыс,жөндеу,техникалық қызмет көрсету, теңіз көлігін және арнайы кіші кемелерді суға жіберу болып табылады.
Кәсіпорынға бару барысында шығарылып жатқан өнімдерге нормативтік құжаттар бойынша кеңес берілді, ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Техникалық реттеу туралы» заңдарына түсінік берілді.
Кәсіпорынға бару барысында келесі бөлімдер бойынша материалдар ұсынылды:
- ЕАЭО, техникалық реттеу шеңберінде өткізілетін жұмыстар;
- стандарттау облысындағы заңжобалық жұмыстар;
- метрологиялық сұрақтар;
- стандарттардың қол жетімдігі –интернет-дүкенмен жұмыс жасау.
Тараптар бірлескен қызметтің негізгі бағыттарын талқылады. Жұмыстар техникалық реттеу және метрология саласында жүргізілетін шаралар жөнінде ақпараттандыру, сонымен қатар алдағы уақытта кәсіпорынды нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету форматында өтеді.
Кәсіпорынға бару нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне бекітілген «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша жүргізілетін сауалнамаға қатысуға белсенді ат салысу ұсынылды.