
2017 жылдың 6 қазанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақстаныда «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушысы «SWISSGROW» ЖШС кездесу өткізді.
SWISS GROW – бұл тыңайтқыш өндірумен айналысатын халықаралық компания. Өнім SWISSGROW AG Швейцариялық компанияның технологиясы бойынша шығарылады. 2017 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын тыңайтқыштарды Астанада өндіруді бастады.
Өткізілген іс-шара «SWISSGROW» ЖШС техникалық реттеу және метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу облысындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге бағытталды.
Келіссөз барысында кәсіпорынның келесі, өнімді сынау кезінде өлшеу құралдарын пайдалану, өлшем жүргізу әдістемелерін қолдану, сынақ зертханасын аккредиттеу, дайын өнімді қаптамаға орау тәртібі, сондай – ақ халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі туралы мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен және ҚР ӨМЖ тізілімімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.